5-СӨЖ. Тілдік жүйе – тілдік норма – узус. Тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері



Дата13.04.2023
өлшемі20,17 Kb.
#82289
Байланысты:
Рахат Жансая 3-СӨЖ 2


5-СӨЖ. Тілдік жүйе – тілдік норма – узус. Тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері.


Орындаған: Рахат Жансая
Тобы:303
Қабылдаған: Қосымова Гүлбану
Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердің және бірі – узус. Орыс тіл білімінде бұған көбінесе «узус – қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме бе- реді, узустың қарама-қарсысында окказионалдық бірліктер, яғни әдеттегі (нормадағы) мағынадан бөлек, тек сол контек- сте келтірілген мағынада жұмсалған сөздер тұрады. Узус пен окказионализмдер – оппозитивтік (қарама-қарсы тұрған) дүниелер. Сірә, дұрыс қолданыстағы бірлікті (сөзді, тіркес- ті, сөйлемді) «узус» дейтін болсақ, оның «нормативтік бір- лік» дегеннен қандай айырмасы болады? Сондықтан біз узус деп тілдік жүйеге қайшы келгенмен, тілдік дағдыға айналған қолданысты атағанды дұрыс деп санаймыз. Бұған зерттеуші Н.Уәлиев жақсы мысалдар келтіреді. Мысалы, қазақ тілінің жүйесі бойынша ер (атқа салатын) деген зат есімнен етістік тудырғанда ерле болуға тиіс, бірақ қолданыста ертте тұлғасы жиірек кездеседі, сол сияқты қозы сөзінен етістік қозылады деп жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде қоздады түрі қолданылады. Ал біздің байқауымызша, бұл күнде туды-туылды деген жа- рыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді. «Пәленше пәлен жылы туды» деп айтылып келген сөйлемді туылды деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйеге сәйкестікті қуаласақ, туылды тұлғасы дұрыс: туатын – ана, туылатын – бала. Туылу – ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста туды тұлғасының орнығуы – узустық көрініс. Узустық тұлғаның тілден берік орын алғандығы сондай, ол – туған- туысқан (туылған-туысқан деудің орнына), туған ағасы (бір- ге туылған ағасы емес), туған жері (туылған жері деудің орнына), туып-өсу (туылып-өсу емес) сияқты қолданыстарды қалыптастырған.
Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кезде- седі. Мысалы, ішкен асын жерге қояды деген мәтелде мағы- налық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды, сон- шама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда ішкен (ішіп болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жерге қоюы (ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осы тұлғада (ішкен асын) қалыптасқан. Бұл да – узустық құбылыс.
Тегінде, норма мен узусты айырып таныған жөн. Норматив- тік бірліктер де – қолданылып кеткендер, олай болса узус де- геніміз – әдеттегі тілдік жүйеге негізделген норма емес, тілдік дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі – оның тілдік жүйеге қайшы келетіндігі деп танимыз.
Узустық қолданыстың барлығы бірдей белгілі бір жүйе түзетін бірліктер болып шықпайды. Айталық, әйел адамдар- ды азаматша, мұғалима, комсомолка, төрайым деп «женский родқа» көшіріп бөлек атаушылық бар. Бұл – бір жағынан, орыс тілінің ықпалы болса, екіншіден, араб тілінен енген мұғалима сияқты кейбір сөздердің, әсіресе адам аттарының жынысқа қарай ажыратылатын үлгісі (ғазиз – ғазиза, Латип – Латипа, Фәрид – Фәрида), үшіншіден, қазақ тілінің өзінде аға-апа, әке- шеше, апа-жезде, аға-қарындас сияқты лексикалық корреля- тивтер әсер еткен болар, бірақ соңғылар морфологиялық емес, лексикалық қатарлар. Дегенмен бұл – қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар: қазақ тілінде «род» ( «жыныстық») категориясы жоқ: ақын десек ол ер адам да, әйел адам да болады, егер міндетті түрде әйел адам екенін атау ке- рек болса, ақын қыз, ақын әйел, ақын апа деп аналитикалық жолмен атаймыз.
Сірә, азамат-азаматша, мұғалім-мұғалима сияқты қолданыстар етек алмайтын құбылыс. Біз бұрын жазған бір мақаламызда төрайым сөзінің де нормаға қайшы неологизм екенін көрсеткенбіз. Төраға сөзінің «әйел жынысты» сыңары төрайым-ның қалың көпшілікке ұнап, жаппай қолданыла бас- тауына сөздің сонылығы, тосындығы, «әйел-еркек» деп бөліп көрсету мүмкіндігі себеп болған. Төраға – орысша «председатель» дегеннің баламасы, бұл сөздегі төр компоненті де, аға сөзі де денотаттық (лексикалық, негізгі) мағыналарынан ажырап коннотаттық мағынада жұмсалып тұрғандықтан, аға сөзі жыныстық мағынасынан көшіп, «басшы, басқарушы» де- ген ауыспалы мағынаны білдіретін компонент болып тұр, аға сөзінің бұл қызметі қолаға, қолағалыщ (көне әскери термин- дер), отағасыі сияқты сөздерде де көрінеді. Демек, төраға сөзі ер адамды да, әйелді де атауы керек. Дегенмен төрайым сөзінің узус ретінде аға-қарындас, апа-жезде, ата-ана сияқты лексикалық қосақтар қатарынан орын алып кетуі мүмкін. Ал морфологиялық көрсеткіштермен әйел жынысын атаудың (аза- мат-азаматша, комсомол-комсомолкатәрізді) тілдік жүйеге сәйкеспейтіндігі бұл тәрізді коррелятив жұптарды әдеби нормаға жібермейді деп санаймыз.
Біз әңгімелеп отырған проблемаға қатысты терминдердің тағы бір тобы –кірме сөз,бөгде сөз, шет сөз, жаңа сөз (неоло- гизм), көне сөз (архаизм), тарихтық сөз (историзм) деген атау- лар. Олар да қазақша эквиваленттері бір тұлғада тиянақталып, терминдік дефинициялары анықталып бола қоймағандар.
Бөгде сөз, шет сөз (немесе шет тілдік сөз), кірме сөз деген- дер мағына жағынан бір-біріне жақындау келгенімен, олардың әрқайсысының терминдік анықтамасы бөлек-бөлек болуға тиіс. өйткені шет тілдік сөздердің бәрі «кірме сөз» статусына ие бола алмайды, ал «бөгде сөз» термині «кірме сөз» дегеннің оппозиттік сыңары болар: бір тілдегі кірме сөздер – сол тіл- ге сіңіскен, нормативтік құқық алған бірліктер болса, бөгде сөз – әлі сіңісе алмаған, жаттығы, бөгделілігі сезіліп тұратын бірліктер. Сондықтан бұл үш түрлі термин-тіркестердің бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болмайды. Бұларды бір-бірінен ажыратып жұмсау үшін, олардың дефинициялық мағыналарын былайша айқындасақ деген пікірлер де жоқ емес: шет тілден келген сөз қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына бағындырылып, «қазақыланып» жұмсалса, кірме сөз деп атал- сын, ал түптілдегі тұлғасында тұрса, ол бөгде сөз деп атал- сын деген пікірлер айтылды. Сонда самаурын, божы, шыт, сәтендегендер кірме сөздер болады да, президент, парламент, сессия, бюджет, акциз, компьютер дегендер бөгде сөздер тобын құрайтын болады. Бұл танымның арқауы бостау: егер уни- верситет, институт дегендерді үніберситет, иніститөт деп жазсақ, олар «кірме» болып шыға келе ме?
Белгілі бір тілдің төл (өз) сөзі және оның қарсысында тұратын кірме сөз деген қатарлардың танымдық белгілерін тек олардың сыртқы тұлғалық суреті көрсетпейтіні мәлім, кірме сөз төл сөздің оппозиті (қарама-қарсысы) болудан гөрі, «канди- даты», яғни тілдік лексика тобына қос^ілуға әрекеттенген кан- дидат бірліктер деуге болады. Кірме сөздер қолданылу әлеуеті (потенциалы), жиілігі (активтігі), өзге сөздермен синтаксистік, морфологиялық қатынастарға түсу мүмкіндігі, халық, қоғам тірлігіне енген ұғымдардың, заттардың, құбылыстардың ата- уын тек сол сөздің ғана білдіретін даралығы (вариантсыздығы) т.б. сияқты толып жатқан белгілерімен санасқанда, кірме сөз қай тұлғада қабылданса да, қабылдаушы тілдің лексикалық қазынасының мүлкі болып саналады. қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстық тұлғасы жағынан «сындырылған ~ сындырылмаған» мыңдаған сөздер кірме бірліктер (единицалар) статусына ие болады.
Ал көрсетілген белгілердің көбі бойынан табылмайтын, көбінесе белгілі бір мақсатпен қолданылатын бөгде тілдік сөздер тобы және болады, олар макоронизмдер, бірқатар жар- гон сөздер, арготизмдер, окказионализмдер болып келуі мүмкін. Мысалы, Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Байжанның аузынан жиі естілетін сыболыш (сволочь) сөзі, жазушы қалихан Ысқақовтың «қара орман» романының Бес- кемпір атанған бір кейіпкерінің аузынан жиі шығатын вот так вот деген орыс сөздері «кірме сөз» деп атала алмайды. Көркем шығармалардың кейіпкерлерінің аузына белгілі бір стильдік мақсатпен, әдейі салынатын шет тілдік сөздер де «бөгде тіл- дік» элемент болып қала береді, олар да «кірме сөз» статусына ие бола алмайды. Бұл орайда «бөгде сөз» бен «шет тілдік сөз» дегендер – синонимдер болып танылады, өзге тілдерден алып жұмсалған сөздерді бұлайша айырып танудың тілдік норма- ларды сөз етуде мәні айрықша.
Тіл мәдениетін, тілдік норманы сөз ету үстінде жиі қолданылатын терминдердің бірі – бірліктер, орысша единицалар. Бұл да бір сөзбен аталатын қазақша термині қалыптаспай келе жатқан ұғым. Көпке (тіпті қазірге) дейін тіл біліміне қатысты ғылыми әдебиетте, диссертациялық жұмыстарда, мо- нографияларда, ғылыми тақырыптағы мақалаларда орысша термин единица деген сөзді қолданып келдік, қолданып келеміз. Соңғы кезеңде ғана орыс сөздерінен жасалған терминдердің әдетте қазақша баламасын іздеп табатын дәстүрімізбен еди- ница терминін де қазақша атауға кірістік. Мұны бір ғалымдар тұлға-бірлік деп, енді біреулері тұлға деп, алғашқы кезде тіпті дүниелік деп әрқилы атай бастадық та енді көпшілігіміз бірлік деген калькаға тоқтадық. Калька деген – әдетте амалсыздың күні, алғашқыда ол құлаққа өте жат естіледі. Единица деген өз сөзіне орыс тіл мамандары да алғашқы кезде тосырқап қараған болар, бірақ орыстың ғылыми әдебиетінде единица нағыз лингвистикалық термин болып қалыптасып кетті. Біз әзірге осы жұмыста көзіміз үйреніп, құлағымыз жаттыққанша біресе единица (бірлік) деп, біресе бірлік (единица) деп жақша ішіне не орысша, не қазақша баламасын қоса көрсетіп, екі тілдегі атауды да жұмсадық.
Тіл білімінде орысша мотив, мотивация деп ұсынылатын ұғымның қолданылуы жиі кездеседі. Мұны да бұрын орысша түрінде жұмсап келсек, енді уәж, уәждеме деген қазақша сәтті баламаларын ұсынып жатырмыз. Лексикалық нормалар- ды әңгіме еткенде әдеби нормаға өтуге оңтайлы, мүмкіндігі бар сөздерді бұрын потенциалдық сөздер деп келіп едік, енді оларды әлеуетті бірліктер деп қазақша жиі атаймыз. әлеует – «потенциал», әлеуеттілік – «потенциальность», әлеуетті – «потенциальный» дегендердің қазақша терминдік баламалары екенін аңғартамыз.
Тақырыпқа қатысты терминдердің баршасының қазақша ба- ламасын іздеп табу мүмкін де емес, шарт та емес, сондықтан норма, стиль, лексикология, лексикография, диалектология, фонетика, морфология, морфема, лексема, сема, фонема, фо- нология, фонетика сияқты халықаралық ғылыми терминдерді осылайша қабылданған түрінде пайдаланып отырмыз. Тер- мин жасау теориясы бойынша абстракт ғылыми атауларды мүмкіндігінше бір тілден екінші тілге аударып алуға болады, өйткені тілдердің қай-қайсысында да әр алуан ұғым аттары бо- латыны белгілі, тек қиындық семантикалық үйлесімі бар, яғни мағынасы жуық келетін қазақ сөзін табуда және оған жүйемен келетін жұрнақ түрін жалғауда болады.
Тілдік норманың негізгі сипатын ашуда тілдік жүйе – тілдік норма параллеліне сүйену, әрине, жеткіліксіз, сондықтан проф. Р.Сыздық тілдік жүйе – тілдік норма – узус үшендерін бірлікте ала отырып, “узус” деген ұғымды тілдік жүйеден ауытқып кеткен, бірақ дағдыға айналған құбылыс” деп таниды [4, 11]. Мысалы, мынадай сөздерде тілдік “жүйе” мен “узус” сәйкеспейді: -тұса – тұсаула емес, ертте – ерле емес, тізерле – тізеле емес, келтір– келдір емес, қозда – қозыла емес, сөйле – сөзде емес. Тілдік жүйе мен норма сәйкес болса, ерле, тізеле, қозыла болар еді [14, 46]. Бұл жерде жүйеге сәйкес болмаса да, тілдік узус норма деп танылады. 
Тілдік жүйе бойынша есептік сан есімдерге қосымша -ыншы, -інші түрінде жалғанады: бесінші, алтыншы, жетінші т.б. осы сияқты жиырманшы болуға тиісті ретік сан есім дағды бойынша жиырмасыншы түрінде қолданып, норма ретінде танылды. Оралман атауы да дағды (узус) бойынша қалыптасқан норма. 
“Тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтері” деген тармақта нормадан уәжді ауытқудың түрлері айқындалады.
Белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі бірдей теріс әрекет бола бермейді. Белгілі бір коммуникативтік мақсатқа, діттемеге байланысты жөн біле отырып ауытқу прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқуға жатады да, коммуникативтік әсер-ықпалы ерекше болады.
Тілдік қарым-қатынас кезінде “іріктелген”, “тұрақталған”, “уақыт сынынан өткен” қолданыстағы жүйелер белгілі бір себептен “бұзылып” жатады. Сөз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық, стильдік тәсілі мен амалы ретінде сөзді тіркеспейтін сөздермен тіркестіруі, сөзді әдеттегі, үйреншікті мағынасынан өзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм, паремологизмдердің тұрақты құрылымын “бұзып” қолданады, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық тәртіптен ауытқиды. Сөйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі (процесіндегі) автоматизмді “әлсіретуге” тырысады. Белгілі бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды прагматикалық ауытқу деп аталды.
1. Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу. Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма дегеніміз қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан өтіп тұрақталған тілдік жүйенің бөлігі, жиынтығы. Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру; сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру; фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану; орфографиялық норманы бұзып қолдану; орфоэпиялық норманы бұзып қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет