Әдістемелік нұсқау: Дулат Бабатайұлының өмірі. Шығармашылығы. Дулат ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы. Өлеңдеріндегі зар замандық сарын. Тәуелсіз Қазақстан және Дулаттың өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі. Ақын шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: Н.ә:1, 2, 5, 7. Қ.ә: 4, 6, 7.
№3 семинар. Тақырыбы: М.Өтемісұлының әдеби мұралары.
Сабақтың мақсаты: Махамбет поэзиясын ұлт азаттық күрес тарихымен байланыста талдап түсіндіру.
Сабақтың жоспары: Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі
Әдістемелік нұсқау:Патша үкіметінің отарлау саясатының жүргізілу тарихы. Соған орай Ішкі Бөкей Ордасында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай. Жер отары. Екі жақты қанау. Азаттық жолындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Жорықты жылдар мен күреспен өткен күндер шежіресінің Махамбет жырларындағы суреттелуі. Көтерілістен соңғы ақын өмірі мен іс-әрекеттері, оның Махамбет поэзиясындағы көрінісі. Махамбет жырларындағы ұлт-азаттық танымдар мен олардың әдебиет тарихындағы жалғастығы. Көтеріліс тарихы мен Махамбет поэзиясының тарих пен әдебиеттегі алар орнының филологиядағы бағалану тарихы. Тәуелсіз Қазақстан және Махамбет өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі.
Әдебиеттер:Н. ә:3, 7, 19 . Қ. ә: 5, 7, 8.
№4 семинар. Тақырыбы: Ш.Жарылғасұлының өмірі мен туындылары. Сабақтың мақсаты: Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.
Сабақтың жоспары: Ақынның өмірбаяны