Дәрісті қорытындылау:
1. Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы.
2. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.
3. Сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
4. Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктері жатады.
5.Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында әсіресе М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктері орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лексикография нені зерттейді?
2. Қазақ лексикографиясындағы сөздіктердің түзілім тарихына арналған алғашқы еңбектерге қайсысы жатады?
3. Сөздіктер қалай топтастырылады?
4. Әлемдік түркітану тарихында аса маңызды лексикографиялық туындылар қатарында М.Қашқари мен В.В.Радлов сөздіктерінің алатын орны.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962
2.Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1988
3.Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
4.Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.А.,2008.
5. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы., А.,1988
6 модуль
Этимологияның негізгі объектісі, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары.
№ 13 Дәрістің тақырыбы: Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
1.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні.
2.Этимологияның негізгі зерттеу объектісі
3. Халықтық және ғылыми этимологияұғымдары.
Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулер белгілі бір тілдің лексикасына ерте заманда енген кірме сөздердің ену тарихы мен оның жолдарын да қарастырады. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы. Сөз этимологиясы жайында қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке сөздердің этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |