Б.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгілері БІЛІМ
МАЗМҰНЫ
Сұрақтардың үлгілері
Тапсырмалардың үлгілері
Таным деңгейі
Қайталау немесе тану арқылы мәлiметтердiң есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат пен деректердi еске түсiру: жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi орнына қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- Бастауыш деген не?
- Жай бөлшектер қалай жазылады?
- Египеттiң астанасы қандай қала?
Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге түрлендiру, есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, салыстыру, нәтиженi суреттеу. Төрт топқа бөлiнедi: 1. Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды анықтау және олардың өзара байланыстарын келтіру: «Қалай?» «Нелiктен?» сұрақтары, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетiңiздер» тапсырмалары.