51. Ғылыми-теориялық мақаланың мәнін саралаңыз



Дата31.10.2023
өлшемі18,05 Kb.
#121197

51. Ғылыми-теориялық мақаланың мәнін саралаңыз.
Ғылыми-теориялық мақалалар теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналады. Теориялық мақалалар кез келген зерттеуді жүргізудің негізі бллып табылады. Ғылымда тек теорияның пайымдаулардың көмегімен тың жаңалықтар ашылып, кейін тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген оқиғалар аз кездеспеген. Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер арқылы зерттелетін нысанның маңызын ашуға болады.
52. Салыстыру әдісі арқылы обьект туралы ақпаратты алудың жолдарын атаңыз.
Салыстыру –бұл шынайы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау, сондай-ақ екі немесе бірнеше объектіге тән ортақ болуды анықтау үрдісі. Салыстыру әдісі келесі талаптар орындалса, оң нәтижелі болады:
- олардың арасында белгілі бір объективті тұтастық болуы мүмкін және құбылыстар ғана салыстырылуы мүмкін.
- салыстыру аса маңызды (нақты міндет жоспарында) белгілер бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Әртүрлі объектілер немесе құбылыстар өздерін қандай да бір үшінші объектімен тікелей немесе жанама түрде салыстырылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, әдетте сапалы нәтижелер алынады. Сол нысандарды объектімен салыстыру сандық сипаттамаларды алуға мүмкіндік береді. Мұндай салыстырулар өлшеу деп аталады. Салыстыру арқылы нысан (объект) туралы ақпаратты екі жолмен алуға болады:
- салыстырудың тікелей нәтижесі (бастапқы ақпарат).
- бастапқы деректерді өңдеу нәтижесі (қайталама немесе туынды ақпарат)
53. Теория ұғымы. Жаңа теорияға қойылатын талаптарды атаңыз.
Теория- теориялық зерттеу әдісі ретінде шындықтың кейбір саласындағы құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын және түсіндіретін эәне осы саладағы ашық заңдадф бір жүйеге біріктіретін білім жүйесі. Теория зерттеудің эмпирикплық деңгейінде алынған нәтижелерден құрылады. Теорияда нәтижелер ретке келтірілед, ортақ идеясымен біріктірілген үйлесімді жүйеше келтіріледі, теорияға енгізілген абстракциялар, идеализация және қағидаттар негізінде нақтыланды. Жаңа теорияға келесі талаптар қойылады:
- ғылыми теория сипатталатын объектіге барабар болуы тиіс, бұл белгілі бір шектерде экспериментті знрттеулерді теориялық зерттеулерге алмастыруға әсер етеді;
- теория шындықтың кейбір саласын толық сипаттаудағы талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
- теорияның өз шеңберіндегі әртүрлі компоненттер арасындағы өзара байланыс түсіндірілуі тиіс. Бір тұжырымдардан басқасына ауысуды қамтамасыз ететін теорияның әр түрлі ережелері арасында байланыс болуы тиіс.
- теорияның ішкі қарама-қайшылық талаптары және оның тәжірибелік деректерге сәйкестігі орындалуы тиіс.
- теорияның эвристикалы, конструктивті және қарапайым болуы керек.
Теорияның эвристикалығы оның алдын ала және түсініктеме мүмкіндіктерін көрсетеді. Теорияның математикалық аппараты нақты сандық болжам жасауға ғана емес, сонымен қатар жаңа құбылыстарды ашуға жа мүмкіндік беруі тиіс.
Теорияның конструктивтілігі оның негізгі ережелерін, принциптері мен заңдылықтарын тексерудің белгілі бір ережелері бойынша жасалатын қарапайым түрінен құралады.
Теорияның қарапайымдылығына арнайы символдардың ақпаратты қысқарту мен алмастырудың жалпыланған заңдарын енгізу жолымен қол жеткізіледі.
54. Ғылыми-практикалық мақаланың мәнін саралаңыз.
Ғылыми-практикалық мақалалар ғылыми эксперименттер мен шынайы тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсіддері сипатталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау мен оларды түсіндіру, мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет