83. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ұжымдастыру әдістері негізінде мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы ұжымдастыруды шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді.
Қарқынды түрде 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты.1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды.Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Сондай ақ халыққа қисынсыз ауыр салықтар салынды. 1931–1933 жылдары көшпенді халықтың жартысына жуығы аштан қырылды. Шамасы жеткендер басқа өлкелерге босып, шетелдерге өтіп кетті. Мал басы он шақты есе азайды.