51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері



бет27/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

80. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында ЖЭС қабылданды
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия
конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа
экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық-түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:
1. Кәсіпорындар сала бойынша бірлестіктерге біріктірілді.
•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» бірлестіктерге біріктірілді.
•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік бірлестіктерге біріктірілді.
2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге жалға берілді.
3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды.Бірлестіктер пайдасы Ресейге кетті.
ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
•Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
•Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
•1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
•Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
•Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
•Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
•Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
•Несие берілетін болды. •Жер-су реформасы жүргізілді
•«Қосшы Одағы» құрылды .•Жер реформасы жүргізілді
•1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет