78. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет.Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы Владимир Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. Орынбор алғашқы астана.1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы ендіҚырғыз Социалистік Кеңес республикасы істерін басқару үшін 12 Халық комиссариаттары құрылды, оның ішінде: Почта мен Телеграф басқармасы бар Ішкі істер Комиссариаты; Әділет; Ағарту; Денсаулық сақтау; Әлеуметтік қамсыздандыру; Егіншілік; Азық-түлік; Қаржы Халық Комиссариаттары және т.б1925 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі Түркістан АКСР-ның құрамында болды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатының нәтижесінде, Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата уездері, Самарқанд облысындағы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Жетісу облысының Бішкек уезі (бір бөлігі) Қазақстанға қарады. 1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.