51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —



бет33/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.
Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.
Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. 
1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды. 
Осы депортация арқылы Ресей үкіметі Қазақстанның ар-намысын таптады, оларды жазалады, кемсітті. Қуғындау, көшіру, қазақтардың ар-намысын таптау, оларды кемсіту, білгендерін істетіп қорлау Қазақстанға үлкен қасірет алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет