51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері



бет9/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.

І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. 
Жалпы, Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді 
Ресей императоры ІІ Николай үкімет басына өзі де ірі жер иесі –помещик болған П.А. Столыпинді тағайындау арқылы, біріншіден, өзінің абсолюттік билігінің бас тірегі болып келген дворян-помещиктер табына сүйене беретінін айқын аңғартты. Екіншіден, «3 маусым» заңы Думадағы халық үнін, яғни бұқара халық пен оның өкілдерінің дауысын өшіріп, көнбіс, жетекшіл тап – дворяндар мен шенеуніктердің, сондай-ақ көпестер мен өнеркәсіпшілердің көнбіс бөлігінің дауысын күшейтті. Осылайша Дума бұқара халықтың орнына, күштілер мен байлардың сөзін сөйлейтін болды. Соның нәтижесінде заңнамалық үдеріс бюджетті және тағы басқа маңызы жоқ заңдарды мақұлдау талас-тартыссыз өтетін болды да, азаматтық құқық және бостандыққа, қазақ сынды кең-байтақ жері бар халықтың саяси құқықтарын шектеуге қатысты заң жобаларын Дума елемей ысырып қоятын болды. Реакцияшыл премьер-министр П. Столыпиннің ауқымды жоспарынан бір ғана реформасы – аграрлық реформасы жүзеге асты. Қазақ жерінің есебінен. Атап айтқанда өзі сияқты дворян-помещиктерінің жерлерін меншігінде қалдырып, миллиондаған жерсіз мұжық-шаруаның мұқтажын қазақ жері есебінен қанағаттандырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет