Мемлекеттік думаның мәні,елдің саяси өміріндегі орны.
Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саясиөмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей МемлекеттікДумасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен¬ өзі өсіп¬жетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше олқажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік. РесейдеМемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басымкөпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқансаяси¬әлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылықазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентінқазақтар құрады 180 . Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатыныңсалдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің олшетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттіңең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азық¬түлігін дайындап, күн көрісінқамтамасыз етіп отырған бірден¬бір әлеуметтік топ болды. Сондықтанимпериядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідейпатша билігін жоймай¬ақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көпшаруалардың мұң¬мұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруаүшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастап¬ақ бұл мәселені өз назарынан тысқалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескіқоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді. І Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саясибилікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңіл-күйлерге де әскери¬полициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысындаөтті. 1906 жылы ақпанда Дала генерал¬губернаторы мемлекеттік мекемеқызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуінетыйым салған бұйрық шығарды. 1906 жылы көктемде осы жағдайлардыескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралышешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау компанияларынақатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда «конституциялық болмас іспен жұбатудан(иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ» 181 . Думаға дегенбелсенді байкотты Қазақстандағы социал¬демократиялық ұйымдар қолдады182 . Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыраолқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8¬ақпанда үкіметвиттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрықшығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауғажалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттергебайланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды 183 . Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаныңтағдыры қатты мазалады. Ол Дала генерал-губернаторына былайша ескертті: «По имеющимся в МВД сведением, неблагонадежные элементы крайнего направления имеют намерения обратить преступную деятельность к тому, чтобы всеми способами мешать успешному созыву Государственной Думы. В сих видах революционеры намереваются оказывать свое вредное воздействие на предвыборные и подготовительные собрания. Предлагаю ныне же озаботиться принятием всех зависящих от Вас мер к ограждению порядка, спокойствия и свободы вышеупомянутых собраний…, чтобы все лица, которые возномереваются препятствовать правильному ходу выборов в Государственному Думу, были своевременно подвергаемы задержанию и привлекаемы к уголовной ответственности» 184 . Қазақ зиялылары, жалпықарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға қандай дайындықтарменкелді? 1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соныңішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатаржүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдеріменқатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасаудытүсініп, бұл шараларға белсене араласын, сол арқылы қазақ қоғамыныңалдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді. 1905 жылы 6¬13¬қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергіліктіөлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудыңжолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, дінисеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігінмойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елініңатынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ дегенхалықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. «Осындасөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескікітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ — Ө.О.) тіліндегімектептер қуғын¬сүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшінцензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауғамойын да бұрмайды. 18¬ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өзмұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияныПетерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы(400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағыоқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен… Сайлаунауқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруықажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын» 185 ¬ деді. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұлсъезге қазақтың белгілі саяси¬қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлықатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол Санкт¬Петербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтынинститутының студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлыбаяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің«қазақтардың тілін, салт¬дәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекшеболмыс¬бітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлтретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіненазар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылықазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерініңата¬қонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақыттахалықта автономдық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті 186 . Қазақхалқы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқығына 1906 жылдың ақпанайының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды.