Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері
o
Екі бөлікті модель – Дамыған елдер (Солтүстік), Дамушы елдер (Оңтүстік)
o
Үш бөлікті модель – Дамыған елдер. Өтпелі экономикалық елдер. Дамушы елдер
o
Көп бөлікті модель – Дүниежүзілік шаруашылық 10 орталыққа бөлінеді (Еуропа,
Солтүстік Америка, Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай
өндіретін елдері, Жаңа индустриялық елдер, ТМД елдері, Бразилия, Мексика)
o
Жаңа үш бөлікті модель – Ғаламдық орталықтар. Өтпелі аймақтар. Шеткі аймақтар
Жоғарғы дамыған елдердегі аумақтық құрылымы
Экономикалық аудандар типі
Жоғары
дамыған
аудандар
Мұнда өнеркәсіптің ең жаңа салалары, ғылым, мәдениет, қызмет
көрсету саласы шоғырланады.
Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар:
Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астаналық аудандары
Германияның оңтүстік ауданы
Италияның Милан-Турин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы
Нидерландыдағы Рандстад агломерациясы
Ескі өнеркәсіпті
аудандар
ХVIII-XIX ғасырдағы өнеркәсіп революциясы кезінде қалыптасты.
Басты дамыған салалары көмір, қара металлургия, тоқыма өнеркәсібі
мен кеме жасау болды. Мысалы: Төменгі Рейн-Рур агломерациясы,
Батыс Мидленд, Ланкшир, Йоркшир, Оңтүстік Уэльс, Солтүстік
аудан, Эльзас пен Лотарингия жатады
Артта қалған
аудандар
Инвестиция жетіспеуі, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, халықтың
қартаюы және басқа жаққа көшуі байқалады. Мысалы: Оңтүстік
Италия, Францияның Орталық массиві, Аквитания, Солтүстік-
Батыс, Корсика, Ұлыбританияда Солтүстік Шотландия.
Жаңадан
игеріліп жатқан
аудандар
Табиғаты қатал, ресурсқа бай аудандар. Мысалы: Аляска (АҚШ),
Канаданың солтүстігі, Гренландия (Дания), Аустралияның шөлді
аудандары
Достарыңызбен бөлісу: |