Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу, және т.б. Адам қоныстанған
құрлықтың 1,3% алып жатыр.
Мемлекет аумағы игерілу деңгейіне байланысты табиғаты қатал елдерге – Аустралия 1/3 бөлігі шөлдер, Ресейдің 3/5 бөлігі климаты қатал Экватор сызығы кесіп өтетін елдер саны – 13 ел Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктелуі: o
Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер – Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия. o
Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер – Франция, Испания, Польша, Венгрия o
Шашыраңқы мемлекеттер – Индонезия, Филиппин аралдық мемлекеттер, 2 бөліктен тұратын Малайзия, АҚШ (Гавай, Аляска) o
Құрамында анклав бар мемлекеттер – Ресей – Калининград, Испания – Сеута, Милилья анклавтары жатады. Анклав – ел аумағының басқа мемлекет аумағымен толығымен қоршалып жатқан бөлігі.
Мемлекеттік шегара түрлері – табиғи, жасанды Елдердің аумағын теңіз, өзен, көл, тау жоталары бөліп жатқан шегара түрі – табиғи Адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленген шегара
түрі – жасанды Мемлекеттік шегаралар анықталып белгіленетін түрі – делимитация, демаркация Делимитация – көршілес мемлекеттердің арасында келліссөздер арқылы мемлекеттік
шегаралардың жалпы ережесі мен бағыттарын анықтау
Демаркация – шегараларды делимитациялау жөнінде келіссөздерге сәйкес, жергілікті
жерде шегаралық белгілер қою арқылы мемлекеттік шегараны анықтау мен белгілеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шегараларының қалыптасу үдерісі, динамикасы Шегаралас елдер
Делимитация
Демаркация
Қытай
1992-1998 жылдары
2002 жылы
Ресей
1999 жылдың қыркүйегінен
2005 жылдың қаңтарға
дейін созылды
2009 жылы
Өзбекстан
2000-2002 жж аралығы
2003-2004 жылдар аралығы
Түркіменстан
2001 ж .
2003 жылда басталып, 2017
жылы нақтыланды
Қырғызстан
1999 жылдың қарашасынан,
2001 жылдың
желтоқсанына дейін
созылды
2008 жылы басталып, 2017
жылы нақтыланды