1
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ
1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
A.Yesevi UKTÜ Bülteni
Вестник МКТУ им. А.Ясави
Bulletin of IKTU named A.Yasawi
№2 (67)
Мамыр-маусым
2009
Қ о ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы
БАС РЕДАКТОР
техника ғылымдарының докторы, профессор
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы
филология ғылымдарының докторы, профессор
-Бас редактордың орынбасары
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы
-аға редактор
ШӘҢКІБАЕВА Әсем Шәңкібайқызы
-көркемдеуші редактор
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
2
ҚҰ
РЫЛТАЙШЫ
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :
Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова А.Ж.,
Әбілтаин М., Байдәулетов И.О., Байжігітов Қ.Б.,
Балабеков О., Бахтыбаев А.Н., Бердібай Р.,
Беркімбаев К., Ділбарханова Р., Жолдасбаев С.,
Жұмабаев М.Ж., Исабеков Б., Исламқұлов Қ.М.,
Кенжетай Д., Керімов Л.К., Құдайқұлов А.Қ.,
Мырзалиев Б.С., Нұсқабаев О., Раимбердиев Т.П.,
Тәукебаева Р.Б., Тұртабаев С.Қ., Шалқарова Ж.Н.
Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері
жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.
Индекс №75637
Редакцияның мекен-жайы:
161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы,
Н.Назарбаев көшесі, 8а, Ғылым орталығы, 13-бөлме
(8-725-33) 6-38-01, 6-36-36, 6-36-40, 6-36-41 (450)
E-maіl: hktuhabarshy1996
@
mail.ru.
Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
«Тұран» баспаханасында көбейтілді.
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.
Шартты баспа табағы 50. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425.
3
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
ФИЛОЛОГИЯ
Ж.ӘЛМАШҰЛЫ
филология ғылымдарының кандидаты
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕ-ХИКАЯТТАРЫНДАҒЫ
ТЕРЕҢ ТРАГИЗМ
В статье рассматривается глубокий трагизм в рассказах М.Ауезова.
The article deals with the deep tragedy in M. Auezov’s short stories.
Ұлт әдебиетінің алтын қорына "Абай жолы" іспетті кең құлашты роман-
эпопея, "Қилы заман", "Қараш-қараш оқиғасы", "Көксерек" секілді сүйекті
хикаяттар мен көптеген көркем әңгімелер, ондаған драмалық шығармалар
қалдырған ұлы суреткер туралы түбегейлі сөз қозғау, әрине, соқталы сала.
Өйткені, Мұхтар Әуезовтің көркемдік әлемі кең ауқымды, сан-салалы. Олай
болса, әдеби мұралары мен оны талдап көрсету - әрбір зерттеушіден үлкен
жауапкершілік, байқампаздық, сезімталдық талап етеді.
Бұл тек біздің ғана ойымыз емес. М.Әуезов шығармашылығы туралы
ертелі-кеш қалам тербеген (Әуезов тақырыбына барған ғалым-зерттеушілер
ондап, жүздеп саналады) қаламгердің қай-қайсысы да осы ойды қуаттайтыны
байқалады.
Константин Алтайский былай деп жазды: «Мұхтар Әуезов туралы жазу
өте қиын. Кезінде замандастарына Лев Толстой, Рабиндранат Тагор, Анатоль
Франс туралы жазу да оңайға соқпаған болу керек. Мұхтар тек қазақ
әдебиетінің классигі емес, ол бар әлемнің оқырман қауымына мәшһүр
жазушы... XX ғасыр әдебиетінің тарихы жазылған кезде Мұхтар Әуезов есімі
Горький, Драйзер, Роллан, Шоу қатарынан орын алатын болады. Николай
Погонин оны қазірдің өзінде "Шығыстың Шолоховы" деп әбден орынды
атап жүр» [1].
Осы сөз рас! Біз әлі күнге дейін Әуезов - суреткердің сан қырлы таланты
туралы тереңнен толғап, әлемдік әдебиетпен салыстыра сөз етіп, түбірлеп
жаза алғамыз жоқ. Әуезов әлемі - шексіз, ұшан-теңіз әлем. Ол көркем
әдебиеттің қайсыбір саласында да өндіре еңбек етіп, аса талантты дүниелер
қалдырған суреткер. Олар қандай еңбек?
Ол ең алдымен көркемсөз шебері, жазушы ретінде біздің жүрегімізден
берік орын тепті. Расын айту керек, Әуезовке дейінгі қазақ әдебиеті (әсіресе,
проза) тек қалыптасу, өз орнын іздеу, өз бет-бағдарын айқындау сатысында
болды. Оған дейін (яғни "Абай жолына" дейінгі кезең) жазылған көркем
шығармалардың барлығы да бір сүйікті еңбектің өмірге келуін асыға
күткендей күйде еді. Ал, оны кім жазуы керек? Кімнің таланты жетеді? Бұл -
жауапсыз сұрақ болатын. Ақыры... Мұхтар Әуезов соған тәуекел етті.
Көркем ой мен кестелі тілдің биік шыңы - "Абай жолы" романын жазып
шықты. Сөйтіп, ұлт үшін де, әлем әдебиеті үшін де өшпес, өлмес рухани
4
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әлмашұлы Ж. Мұхтар Әуезов әңгіме-хикаяттарындағы терең трагизм
мұра қалдырды. Демек, ең алдымен біз М.Әуезовті ірі эпикалық-
философиялық туындыны алғаш дүниеге әкелген жазушы деп танимыз.
Ол бұл құрметті атқа толық мәнінде ылайық қаламгер. Әрине, біздің бұл
тұжырымдамамыздың астарында қаншама дәлелденуге тиісті сауалдар
жатқанын білеміз. Бұған дейін Әуезов - жазушы деген тақырып бойынша
көптеген ғылыми зерттеу еңбектері жазылғаны да рас, онда жазушы
шеберлігінің құпия сырларына барлау жасалып, шама келгенше талданғаны
да рас. Бірақ... бір нәрсенің басы ашық. Әуезовтің көркем дүниедегі
философиялық-психологиялық ой-толғамдары әлі де талай ұрпаққа әдебиет
туралы ой толғағанда ойтамызық боларлық тақырып деген тұжырым. Бұл -
бір деңіз.
Екінші бір салалы ойдың негізі мынада: Әуезовті тек тамаша философ-
жазушы ретінде әлемге танытсақ, онымен әңгіме түгесіле ме? Біздіңше, жоқ.
Ираклий Андроников жазғандай: "Мұхтар Әуезов біздің өмірімізге тек
тамаша жазушы ретінде ғана енген жоқ. Оның өр таланты - ғажайып бір
құбылыс, біздің өміріміздің ұлы символы. Ол аты аңызға айналған адам,
жаңа дәуірдің данышпаны, жалынды жаршысы әрі аяулы азамат. Адам
жанының қат-қабат қалтарысындағы жазбай танитын зерделі ой, сергек сезім
иесі, адал әрі айтып жеткізгісіз мейірбанды жан".
Ол асқан шебер жазушы болуымен бірге әлемдік маржандармен үндесе
алар небір ойлы, көркем драмалық шығармалар да тудыра алды. Оның ең
алғашқы драмасы "Еңлік-Кебектен" бастап, ең соңғы "Дос-бедел досқа"
дейінгі аралықта жазылған отыздан астам сахналық туындыларының
көркемдік көкжиегі талайдан бері сыншылардың, зерттеушілердің аузынан
түспей келеді. Мұхтар Әуезов "драматургиядағы жанрлық формалардың
бәрін де қамтыған, онда трагедия да, комедия да, драма да бар"
(Р.Нұрғалиев) деп айтсақ, еш қателесе қоймаспыз. Осы көркем мұраларын
талдау үстінде кейбір әдебиетші-ғалымдар (Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, т.б.)
атап көрсеткендей, Мұхаң әлемдік драматургияның қаймақтарымен шендесе,
теңдесе алатындай дәрежеге жетті. Ал, сол жетістік, сол ерекшелік өз
биігінде талданып, тілге тиек етіліп болды ма десек, әрине, ептеп
қиналуымыз кәдік. Бұл жерде, сөз жоқ, Мұхаң туралы жазылған ғылыми
еңбектердің дәрежесінің төмендігінен емес, қайта ұлы драматургтің
шығармашылығының қилы-қилы қатпарының молдығынан деуіміз керек.
Сөйтіп, Әуезов - драматургті әлем жұртшылығы ғана емес, әуелі өзіміз де
тани түсуіміз керек деген ой алдымызды кес-кестеп отыр. Бұл - екі деңіз.
Үшінші ойдың саласы мынаған бастайды.
Әуезов - ғалым, жан-жақты, сан-салалы ғалым. Ол өз кезінде халық ауыз
әдебиетінен бастап бүгінгі күннің көркем ойының дәрежесіне дейінгі
аралықты ой елегінен өткізді. Оның ішінде:
5
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әлмашұлы Ж. Мұхтар Әуезов әңгіме-хикаяттарындағы терең трагизм
- ұлт ауыз әдебиетін;
- Орта Азия халық ауыз әдебиетін;
- батырлық дастандар мен жырларды;
- туысқан халықтар әдебиетінің өсу жолдарын;
- қазақ кеңес әдебиетінің бағыт-бағдарын жан-жақты талдады.
Бұл ретте, әсіресе, ауыз әдебиетінде есімдері аталмай келе жатқан
көптеген жыршылар мен жырауларды, шешендерді, батырлық
дастандарды жырлаушыларды елге таныстырудағы еңбегі зор болды.
Қырғыздың "Манасына" шырылдап ара түсуші де осы Мұхаң. Ол сондай-ақ,
түркі тілдес әдебиет өкілдерінің әдеби мұраларына аса зейін қойып, оны
жарыққа шығаруға көп еңбек сіңірді. Өз замандастарының арасынан да
таланттыларын қолдап, көпке тезірек танылуына ықпал етті.
Тағы да заңды сауал алдымызды кес-кестейді. Әуезов - ғалым, әдебиет
жанашыры деген тақырыпта аз сөз етіліп жатпаса да, біз соны түгелдеп,
түпкілікті талдап болдық па екен? Бұл да ойландыра береді.
Төртінші бір елеулі сала деп сөз бастар болсақ, онда біз Әуезов -
аудармашы деген бағытқа ат басын тіреуіміз керек. Мұхаң жәй, атүсті айта
салар тәржімашы емес, оның аудармашылық мұрасы да елеулі әңгімеге,
сүйекті сөзге тақырып болар сала. Шекспирдің "Отелло", "Асауға тұсау"
іспетті көркем мұраларын, Гогольдің "Ревизорын", Тургеневтің "Дворян
ұясы" романын өз ана тілімізде жатық та әдемі сөйлеткен Әуезов шеберлігі
туралы осы күнге дейін сөз болмай отыр десек, мұнымыз аузымызды қу
шөппен сүрту болар. Рас, Әуезов аудармашылығы сөз болған, болып та
келеді. Диссертациялар да жазылды. Алайда... әлемдік көркем ой дүниесінде
тәржімашылар үлесі аз емес екенін ескерсек, бізде бұл сала жүйеленіп, оның
білгір де білікті өкілдеріне өз дәрежесінде құрмет көрсетілуі қажет-ақ. Осы
орайда Әуезов - тәржімашы тақырыбы тағы да талай уақыт сөз саптауға негіз
болары хақ. Біз бұған да соншалық үмітпен қараймыз.
Бұл айтқандарымыздың бергі жағында М.Әуезовтің қайта-қайта айналып
соға беруге сұранып тұрған ерекше қырлары көп екені тағы да бар. Айталық,
оның ұстаздығы, ағартушылығы, ғылыми-педагогикалық еңбектері...
Саңлақ суреткердің көркем мұраларының ішінде оның осы күнге дейінгі
ауызға аз алынып келе жатқан бір саласы - ол оқу ағарту саласындағы
еңбектері болып саналады. Мұхаң өзі де ұзақ жыл ұстаздық етті, ал бұл
саладағы жазып қалдырған оқу құралы, хрестоматиялары да баршылық. Егер
біз ұлы қаламгердің жалпы трагизм мен күлкі әлеміне қатыстылығын
түбегейлі әңгімелеп, жан-жақты біле түскіміз келсе, онда бұл саланы да
естен шығаруға тиіс емеспіз. Оның артында қалған оқулықтары мен оқу
құралдарында да біз әңгімелеп отырған мәселелер молынан қамтылады.
6
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Әлмашұлы Ж. Мұхтар Әуезов әңгіме-хикаяттарындағы терең трагизм
М.Әуезовтің тағы бір елеулі, ескерусіз жатқан қыры - осы ағартушылық,
үйретушілік бағыттағы еңбектерінде де белгілі-белгілі қаламгерлер
туындыларынан үзінділер келтіріп, жас шәкірттерге сол қаламгерлер
жөнінде мол мағлұмат беруі. Тіпті сол оқулықты оқу үстінде кез-келген
шәкірт белгілі бір суреткер туралы тұщымды пікір алады, сондай-ақ ондағы
трагизм мен комизм элементтері де назардан тыс қалмағанын да сезіне
алды. Айналып келгенде, біз бүгін М.Әуезов туралы әңгіме тиегін ағыта
отырып, осы тақырыптың ауыр жүгін де сезгендейміз. Ұлы қаламгер туралы
сөз қозғадың екен, ендеше оның бұрын-соңды айтылмаған, ашылмаған
ерекше қырын зерделе, алдымызға тарт. Уақыт талабы осы. Ғылымның қояр
шарты да осы.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Мұхтар Әуезов әлемі», А, 1997 ж.
7
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Ж.Ә.АЙМҰХАМБЕТОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті
«ДАЙЫН» ДІНИ‐ МИФОЛОГИЯЛЫҚ СЮЖЕТ
ЖӘНЕ ОНЫ КӨРКЕМДІК ҚОРЫТУ
В статье рассматриваются приемы использования готовых мифологических сюжетов в
художественных произведениях. Анализируется готовый мифологический сюжет баллады
«Неинтересное событие» поэта Е.Раушанова.
This article reveals some methods of using finished mythological plots in the works of art. The
finished mythological plot of the ballad “An Uninteresting Event” has been analyzed in this article.
«Дайын сюжетті» пайдалану – теоретиктердің көрсетуінше «синкертизм
дәуіріне» тән. «Бұл дәуірде екі оқиғалық архетип – көркемдік дамудың
кезекті дәрежесі ретінде дайын сюжетті тілдің берілуінің кумулятивті және
циклды түрі көрінді» [1.169]. Эйдетикалық (дәстүрлі) поэтикада «сюжет
шығармашылығы тоқтап, енді оны пайдалану басталды» дейді
О.М.Фрейденберг [2.322]. Бұл зерттеушінің кумулятивті және циклды
схеманы біріктіріп, «мифологиялық сюжет» ұғымында қарастырғаны белгілі.
Сонымен, «дайын сюжеттің» мағынасын төмендегідей белгілер
анықтайды: а) оның архетипі «мифологиялық сюжетте» беріліп қойған;
ә) кумулятивті және циклды сюжет дайын. Сюжеттік типтің жаңа құрылымы
туындамайды; б) сюжет тек берілген архетиптік негізде ғана емес, дайын
блоктар мен мотивтер негізінде құрылады; в) сюжет авторға тән емес. Оның
жеке туындысы болып саналмайды, өйткені оған дәстүрден келген [1.170].
Көрсетілген сипаттарға назар аудара отырып, Е.Раушановтың «Қызық
емес оқиғасын» дайын сюжет негізінде туындаған баллада шеңберінде
қарастырамыз. «Дайын сюжетті» пайдаланғанда автор өз вариациясын
ұсынуы немесе өңдеуі мүмкін екенін ескерсек, ақынның кең таралған
мифологиялық сюжетті пайдалануындағы көркемдік мақсат пен авторлық
ұстанымын басты нысан етеміз.
Балладаның лирикаға тән жанр екені белгілі. Сондай-ақ лиро-эпикаға да
қатысты. Яғни бұрыннан белгілі оқиға желісі лирикалық-психологиялық
шеңберде суреттеледі. Қазіргі ұғымда ауыр, өзгеше сюжеттің өлең түрінде
баяндалуы болып саналатын лириканың бұл түрі романтизм дәуірінде
ерекше дамыды. «Көптеген балладалар аңыздармен байланысты болса, енді
біреулері ғажайып құпия уақиғалармен байланысты болып келеді.
Романтикалық балладаларда әлем мистикалық, жоғарғы күштердің
патшалығы түрінде көрініп, оқиға құпия шеңберде өрістейді, әрекет етуші
бейнелер аруақтар, өлілер болып келеді. ХХ ғасырда, романтикалық
дүниетанымның тоқырап, реализмнің белең алған кезінде баллада біртіндеп
мистикалық сипаттан арыла бастады, дегенмен оған деген қызығушылығын
мүлде жоғалтқан жоқ» [3.245], – деп жазады Э.Я.Фесенко. Еуропалық
8
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет және оны көркемдік қорыту
әдебиеттегі баллада тарихына көз жіберсек, архетиптік балладалық
сюжеттерге ерекше назар ауады. Балладалардың фольклормен терең
тамырлас болып, көнелік сипат иеленуі синкретті лироэпикалық жырлармен
байланыстырылады. Қазіргі ұлттық әдебиетімізде бұл жанрдың дамуы
тақырыптық, мазмұндық, көркемдік тұрғыда сан салалы.
Біз талдауға алып отырған туынды архетиптік сипаттағы дайын сюжетті
арқау еткендіктен, сөзімізді осы бағытта өрбітпекпіз.
Баллада жанрының даму тарихында «дайын сюжетті» пайдалану
көркемдік мақсатта жүзеге асып, сол сюжет желісі трансформацияға
ұшырайды. Аталмыш баллада оқиғасы Адам ата мен Хауа ананың
жұмақтың есігін жауып шыққанынан басталады:
Әлқисса, тарс жабылды зілмән есік,
Дір етті алма ағашы тұрған өсіп.
Хауа ана, Адам ата сыртқа шықты,
Тікен-мұң жүректерін тырнап, осып [4.240].
Қасиетті Құран кітаптың 7-Ағраф сүресіне назар аударайық: «Әй, Адам!
Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер.
Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Онда залымдардан боласыңдар
(19
‐ аят)». Бұл ескертуді Адам ата мен Хауа ана Ібілістің азғыруымен естен
шығарады. Тыйым салынған ағаштың жемісінен дәм татады. Сөйтіп
жұмақтан қуылады. «(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге
кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең, әлбетте зиян
етушілерден боламыз» деді. (23‐ аят) (Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе
дұшпан боп түсіңдер. Сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану
бар» деді (24‐ аят). Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылу оқиғасы
әлемдік діни мифологияда да кеңінен таралған. Оқиғаны дайын сюжеттің
осы тұсынан − шарықтау шегінен бастаған ақын екі «мұңлықтың» халін өсіп
тұрған алма ағашының дір етуімен, жүректерін мұңның тікендей осуымен
аңдатып өтеді. Әзәзілдің азғыруымен тыйым салынған ағаштың жемісін
татып қойған екеуінің жұмақтан қуылғаннан кейінгі халін баяндауда ақын
оқиғаны басқа арнада дамытады.
Қос мұңлық қайтып кері беттемеді,
Бүгінде ескі сөз ғой, жоқ дерегі.
Мезгіл күз, жеміс-жидек піскен уақ.
– Жо-жо-жоқ, – дейді біреу, – көктем еді.
«Есте жоқ ескі заманда» немесе «бағзы бір заманда» болған уақиғаның
уақыт белгісіздігі де айтылып өткен:
Жаз екен гүл жайнаған сала мынау,
Қыс екен дейді біреу дала қырау.
Жұмақтан шыққан кезде кімге болсын,
Ұнауы қай кездің де нәмәлім-ау.
Фольклорлық балладаға тән сипаттың бірі – әңгімелеу болса, ақын да
осы сипатты басты көркемдік тәсіл етіп алған. Яғни, бұл туынды жаңа
9
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет және оны көркемдік қорыту
сипатты баллада емес, фольклорлық сипаттағы балладаға жақын келеді.
Баллада құрылымындағы үш бөлімнің де «әлқиссамен» басталуы осы
пікірімізді бекіте түседі. Баллададағы кейіпкерлер мен лирикалық
қаһарманның арасындағы эмоциональды байланыс көрінбейді, яғни
лирикалық қаһарман толыққанды әрекет етуші тұлға емес. Басты
кейіпкерлер − Адам ата мен Хауа ананың халін, жұмақтан қуылған сәттегі
көңіл күйлерін танытуда күллі табиғат құбылыстарымен қатар періштелердің
де әрекетін айтып өтеді. Бұл жерде көп назар Адам атаға түседі. Жұмақтан
қуылған сәттегі ай мен күннің бір көрініп, сөнуі, Ысрафил періштенің
дауылды оңды‐ солды құтыртуы, Жебірейіл періштенің кенеттен тас
саңырау бола қалуы, Мәкәйілдің, Әзірейілдің тым‐ тырыс қалуы − осының
бәрі Адам атаны түңілдіре түседі. Әртүрлі ойдың қайшыласуында оңашада
Хауа ананы іштей кінәлаған Адам ата амалсыз жұмақтағы мекеннен және
достарынан күдер үзеді:
Шығарып асты‐ үстіне тұнық көкті,
Қара түн ішін тартты ұлып кекті.
− Ұрдым мен достығыңды бәріңнің де! −
Соны айтып Адам атаң жүріп кетті.
Көктегі мекеннен мүлде алыстаған Адам ата мен Хауа ананың бір‐ біріне
деген жылылық сезімінен туындаған Мейірім туралы лирикалық толғаныс
бұл балладаның мәнін аша түскен:
...Адамнан ең бірінші Мейірім туды,
Сондықтан оның бізге орны бөлек.
Ол деген ең бірінші өмір еді,
Білсеңіз өмір де одан жеңіледі.
Іздейді ел еміреніп қай кезде де,
Ең тұңғыш перзентіндей көріп оны.
Қорқа ма, Жер мен Аспан сескене ме,
Қарайды үркексоқтап қос денеге.
Ортада Мейірімі бар екеуінің,
Қауіп емес енді оларға ештеңе де.
Осылайша оқиғаны бір түйіндеген ақын ары қарайғы желіні басқаша
бағытта өрбітеді.
Сонымен Адам ата мен Хауа ана өздеріне жат мекенде Мейірімді пана
етіп, жапанды кезеді. Аспаннан аласталып, жерден тұрақ тапқан бұл жұптың
тағдырында алма ағашының алар ерекше орны бар. Бұл ағаш − мейірім мен
зұлымдықты тану ағашы, яғни екінші сипатта айтсақ, білім ағашы. «Адам ата
мен Хауа анаға мейірім мен зұлымдықты тану ағашынан жеміс татып көруге
тыйым салынған. Әйтсе де олар бұл тыйымды бұзбай қоя алмайды, әйтпесе,
адамзаттық жобада өмір болмас еді. Сондықтан да, олар тыйым салынған
жемісті жейді. Бұл жайт, әлбетте, нәтижесінде адам абсолютті
10
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2009
Аймұхамбетова Ж.Ә. «Дайын» діни
‐ мифологиялық сюжет және оны көркемдік қорыту
Достарыңызбен бөлісу: |