510 млн км² Құрлықтың ауданы – 149,1 млн км² (29%)


ономастика Өсімдіктердің атаулары – фитоним



Pdf көрінісі
бет56/145
Дата07.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#72350
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   145
Байланысты:
География. ҰБТ дайындық

ономастика
Өсімдіктердің атаулары – фитоним
Жануарлар мен хайуанаттар атаулары – зооним
Галактикалық және ғарыштық денелердің, жұлдыздар, жұлдыз шоғырының атаулары – 
космоним
Халықтың ұлттың атаулары – этноним
 
Физикалық география 
 
Жердің даму тарихының кезеңдерге бөлінуі – 1) геологиялық кезеңге (планеталық)
2) геологиялық кезеңге бөлінеді 
Жердің геологиялық жасы – 4,5-4,6 млрд жыл.
Жердің даму тарихы мен оның құрылымын зерттейтін ғылым саласы – геология
 
Геология ғылымының кезеңдері: 


Тарихи геология – жер қыртысының алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап барлық 
құрылымын зерттейді. 
Палентология – жойылып кеткен және қазба қалдықтары ретінде ғана сақталып қалған 
ағзаларды зерттейді. 
Геотектоника – жер қыртысының құрылымы мен дамуын, тектоникалық құрылысын 
зерттейді. 
Минералогия – минералдардың пайда болу үдерістерін, олардың құрамын және 
қасиеттерін зерттейді. 
Петрография – тау жыныстарының құрылымын, минералдық және химиялық құрамын 
зерттейді. 
Тау жыныстарының жасын анықтау тәсілдері – абсолюттік және салыстырмалы жасы 
Салыстырмалы жасы – тау жыныстарының жату қабатына қарай анықталады, тау 
жынысының қабаты қаншалықты төмен болса, ол тау жынысының жасы соншалықты үлкен
болады.
Тау жынысының пайда болған кезінен бергі геологиялық уақыт – абсолюттік жасы
Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтайтын радиоактивті элемент – уран (100 гр 
уран 75 млн жылда 1 гр қорғасын бөледі) 
 
Қазақстанның геологиялық даму тарихы (геохронологиялық кесте) 
Эра, ұзақтығы 
млн жыл 
Дәуір 
Қатпарлану 
Негізгі геологиялық оқиғалар 
Кайнозой 
67 млн 
Палеоген 
Неоген 
Антропоген
Альпі 
Альпі орогенезі нәтижесінде биік таулар 
(Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу 
Алатауы, Тянь – Шань) екінші рет 
көтерілді. 
Биік тауларда төрттік мұз басу жүрді.
Адам пайда болды. 
Мезозой 165 
млн 
Триас 
Юра 
Бор 
Мезозой 
Ерекше геологиялық оқиғалар болған 
жоқ. Тұран мен Батыс Сібір плитасы 
судан босады. Таулар үгілді. 
Маңғыстау таулары мезозойдың 
киммериялық орогенезі нәтижесінде
көтерілді 
Палеозой
330 млн 
Кембрий 
Ордовик 
Силур 
Девон 
Карбон 
(көмір) 
Пермь
Каледон 
Герцин
Сарыарқаның солтүстік-батысы мен 
Тянь-Шаньның солтүстігіндегі тау 
жүйелері түзілді. 
Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқаның 
шығыс бөлігі, Мұғалжар өңірлері 
көтерілді. 
Архей 1 млрд
Протерезой
2млрд 100млн 
Байкал 
(Қазақстанда 
жүрген жоқ 
Қазақстан аумағын түгелдей дерлік су 
басып жатқан геосинклинальды аймақ 
болды.
Кембрийге дейінгі кезеңде Шығыс 
Еуропа (орыс) платформасы қалыптасты. 
Шөгінді жыныстардың қалыңдығы 22 км. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет