БейсеноваӘлия Сәрсенқызы көрнекті географ-эколог ғалым, Ұлттық Ғылым
академиясының академигі, география ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның
физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік
географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б. ғылыми
зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы.
М.М.Өтемағамбетов – жоғарғы оқу орындарына арналған «ҚазКСР физикалық
географиясы» оқулығының және орта мектептің 7-сыныбы үшін «ҚазКСР физикалық
географиясы» оқу құралын жазған алғашқы автор.
М.Ш. Ярмухамедов – жалпы білім беретін мектепке арналған «Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік географиясы» және жоғарғы оқу орындарына арналған
оқулықтардың авторы.
Ш.М.Надыров – Қазақстанда дағдарысқа түскен аймақтардың экономикалық-экологиялық
мәселелері мен табиғи жағдайларға экономикалық баға берген, Қытай және Орталық Азия
елдері арасындағы халықаралық қатынас пен геосаясат өзекті мәселелерді зерттеген ғалым.
Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері Географиялық атаулар туралы ғылым – топонимика Бір тілдегі атауларды басқа тіл әріптерімен беру – транслитерация Кез келген аумақтың атауы (ел, облыс, аудан, қорықтар) – хоронимдер Жер бедері (рельеф) формаларының атауы (тау, ойпат, үстірт) – оронимдер Су нысандарының атауы (өзен, көл, мұздық, бұлақ) – гидронимдер Елді мекендер атауы (қала, кент, ауыл) – ойконимдер Қалаішілік нысандардың атауы (көше, алаң, мұражай, театр, фирма) – урбонимдер Көлік жолдарының атауы (теңіз, теміржол, автомобиль, керуен жолдар) – дромонимдер Жалқы есімдердің пайда болу тарихы мен өзгерістерін зертейтін тіл білімінің бөлімі –