Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары»
Дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жалимова А.Т.
2015 г.
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты.
Қазіргі жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді,мәдениетті,саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен,әдет-ғұрпымен,мәдениетімен таныстыру олардың жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге,өзге ұлттарды сыйлауға үйренеді.Пән бойынша өзекті тақырыбым «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» Пән бойынша басты мақсатым және міндетім – қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.
Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Мұғалім қарапайым тілдік конструкцияның жаңа түрлерін күнделікті сабақта ойын жаттығулары түрінде біртіндеп қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын толықтырып отырады.
Сабақ барысында ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;