Реферат Тақырыбы: «Мұғалімнің басқару стильдері»



бет1/4
Дата14.12.2022
өлшемі30,4 Kb.
#57323
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат педпсихо


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті


Реферат


Тақырыбы: «Мұғалімнің басқару стильдері»

Жоспары:
I.Кіріспе


Басқару стилі
II.Негізгі бөлім
Басқару стилінің даму тарихы
Басқару стилі түрлері
III.Пайдаланылған әдебиеттер

БАСҚАРУ СТИЛІ
Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз – билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс­тәсілдер, құралдар 
жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс­тұрыс үлгісі.
Стиль ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың бүкіл біртұтас ықпалымен қалыптасқанымен ол белгілі дәрежеде басшыға да байланысты болады. Өйткені шаруашылық пен тәрбие жұмысының табиғи байланысын практактикада жүзеге асыратын тек басшы ғана. Оның қызметінің жемісті болуы көптеген күрделі факторлар арқылы анықталады.
Басқару стилі - басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың ұжымға ықпал ету тәсілі мен әдісі. Басқару стилі - тұрақты жүйелі әдіс, тәсілдермен өзара әрекет формаларының басқару әрекетінің көрініс беруі. Ол басшылардың ұйымдық, кәсіби және моральдық - этикалық сапасына байланысты құрылады. Басқару стилі авторитарлық (директивті), демократиялык, либералдык болып бөлінеді. Авторитарлық стиль бойынша орталықтанған билік жүргізіледі. Шешімді жетекші қабылдайды, жұмысшылармен санаспай қатал талаптар қояды. Олардың өздігінен әрекет етуіне бақылау жасап отырады. Онда ең ұсақ сұрақтардың өзі басшының қатысуымен шешіледі. Бұл стильдегі басшыға тән тәсіл: бұйрық беру, басшы бағынушыларына қатал талап қояды, олардың жұмыстарын қатаң бақылайды. Басқарылушылар тарапынан айтылған сынды жақтырмайды, олармен арақатынасы суық, сенімділік жоқ, қарым-қатынас кезінде дөрекілік қылықтар жасауы әбден мүмкін. Тәрбиелеудің авторитарлы стилінде мұғалім оқушыларға үстемдік жасау арқылы, өзі шешім қабылдап, не істеу керектігін шешіп, оқушылардан шешімді мүлтіксіз орындалуды талап етеді. Демократиялық стиль. Шешім жұмысшылармен бірігіп отырып қабылданады. Бұл стильде жетекші өндірісті жұмысшылармен бірігіп отырып басқаруға тырысады. Инициативаны өзі қабылдайды. Бағынушымен серіктестік қатынаста. Олармен мәселелерді бірге талқылайды. Бүл стильде бұйрық аз беріледі, шешімдер бағынушыға түсіндіру, көз жеткізу тәсілі арқылы тапсырылады. Басшы талапты көп қояды, бірақ әділ, жақсы нәтиже болса, мақтап, ойын көтермелеп, өзіндік жұмысқа мүмкіндік береді. Либералдық стилъ. Шешімді жұмысшылар қабылдайды. Ол жалпы топты белсенді басқарудан бас тартады. Жетекші жұмысшыларға толықтай бостандық береді. Олар өз тілектеріне сай әрекет етіп ойына келгендерін жасайды. Басшы бағынушыға қарамайды, өз еркімен жіберген. Бұл стильдегі басшы ең жауапты шешімдерді қабылдауға да қатыспайды, жауапкершіліктен қашады. Бағынушыларына талап қоймайды, олардың жұмыстарын әлсіз бақылайды, сынды тыңдай алады, бірақ ешқандай түзеу шарасын қолданбайды. Либералды стиль - мұғалім оқушыларға шексіз бостандық береді, сабақтардың, әрекеттің түрін өздеріне таңдауға, қарым-қатынас орнатуға т.б құқық береді. Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер ешуақытта таза берілген күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы, басшылардың жеке мінез-құлқы, бағынушының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Осыған байланысты Д.Грен өзінің ұйым туралы жазған еңбектерінде келесі маңызды мәселені көрсете білді. Ол, бір басшы дәл сол ұйымда әр бағынушымен қарым-қатынас кезінде әр түрлі басқару стилін қолданады екен.
Алғаш рет басқару стилі ұғымын К.Левин қарастырды, ол басқарудағы авторитарлық, демократиялық, және анархиялық стилдерді 
көрсетті.
1.Авториталық стиль басқару бір адамның қолында болады, барлық шешімдер мен іс әрекеттер туралы тек соған ғана баяндалып отырады.
2.Демократиялық менеджер іскерлік жиналыс кезінде ұжымның арасында отырады. Бұл проблемаларды шешуде адамдарға еркін жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша авторитарлық және демократиялық басқару 
арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. 
 Либералды басқаруда қызметкерлердің жұмысына әсер ету көндірулер мен өтініштер арқылы жүзеге асады.Басқарушуылық тапсырмаларды орындауда 
ол белсенді емес, «ағыс бойынша жүзеді». Либерал менеджер конфликттерден қорқады, көбінесе қызметкерлердің пікірімен келіседі. Қызметіндегі 
шектен тыс жұмсақтығы оның жұмысына кері әсерін тигізеді, қызметкерлер бұл жағдайды пайдаланып, одан кейбір нәрселерге көз жұмуын сұрайды,ал ол қызметкерлермен қарым қатынасын бұзып алмас үшін әрдайым көнеді. Либералды басқарушы өзінің іскерлік қабілетін көрсетпейді, қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруда дәрменсіз. Осыған байланысты Д.Грен өзінің ұйым туралы жазған еңбектерінде келесі маңызды мәселені көрсете білді. Ол, бір басшы дәл сол ұйымда әр бағынушымен қарым-қатынас кезінде әр түрлі басқару стилін қолданады екен. Ол бағынушыларды ин-топтық(ин-групповые) және аут-топтық (аутгрупповые) мүшелері деп бөледі екен. Ал, осы бөлудің өзі үш өлшем бойынша жүреді: 1) Бағынушылар қаншалықты жауапкершілікті және білікті; 2) Оларға қандай деңгейде сенім артуға болады; 3) Ол өзіне қаншалықты жауапкершілікті жүктей алады; ин - топтық мүшелер осы өлшемдерге сәйкес келіп, + (оң) белгісімен сипатталады, ал аут - топтық мүшелер - (теріс) белгісімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет