53. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері


ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы музыка өнері және олардың өкілдерінің шығармашылығы



бет4/9
Дата07.04.2023
өлшемі40,27 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о

56. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы музыка өнері және олардың өкілдерінің шығармашылығы.
XIX ғасырда қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр қалыптасты. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет және т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра және т.б. сал-серілер тобы болды.
XIX-XX ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің әрқайсысының өз үні, өз мәнері, орындау ерекшелігі бар.
XIX ғасырдың екінші жартысында өшпейтін классикалық туындыларды шығарған көрнекті қазақ сазгерлері өмір сүрді. XIX ғасырдың екінші жартысы қазақтың музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.) – көрнекті күйші-сазгер, XIX ғасырдағы домбыра өнерінің негізін қалаушы, шертпе стиліндегі күйлердің қайталанбас авторы мен орындаушысы. Тәттімбет Қазанғапұлының 40-тан астам күйі белгілі. Тәттімбет Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып өскен. Тәттімбет зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен таралған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды. Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі 1855 жылы Тәттімбет өмірінде елеулі оқиға болды. Ол II Александр патшаны ұлықтау рәсіміне қатысып, күй тартып өнер көрсеткені үшін күміс медальмен марапатталды.
Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879 жж.) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін көрсетті, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» (Қыдырма саудагерлер), «Светит месяц» (Айдың сүттей жарығы) деген әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның алпысқа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйі жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері – халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазақтары көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып косылды.
Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі – Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнерімен танылған. Халық арасында оның «Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біздің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 жж.) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылықтарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметке қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сүйіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі жазды.
Қазақ халқының атақты ақыны, сазгер-әнші Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атайды. Ол артына музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар», «Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан серінің әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.
Қазақтың күй өнерін қобызда құйқылжыта шебер орындайтын күйші Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 жж.) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз тартқан, ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған болған. Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» және тағы басқа да ғажайып күйлері бар. Оның 30-дан астам күйі сақталған. Ол Қорқыттан келе жатқан қобыз өнерін жаңғыртты және елдегі әйгілі аңыздар мен эпостық әңгімелерді көрсететін күйлерді шығарған. Олар – «Жезкиік», «Қамбар», «Қазан», «Шыңырау».
Балуан Шолақ (1864-1916 жж.) қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде кеңінен танылды. Бала күнінен ат құлағында ойнап, түрлі цирктік өнер көрсетуді үйренді. Оның сазгер әрі әнші ретіндегі даңқын шығарған әні «Ғалия» болды. Балуан Шолақтың «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау» атты ғажайып әндері оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет