53. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері


Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс



бет7/9
Дата07.04.2023
өлшемі40,27 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
53. С лтан Кенесары асым лы баста ан аза тарды лт-азатты о

Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 жылдың шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.
Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Қозғалыстың негізгі орталықтарына Жетісу, Торғай, Орал облысы мен Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 
2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 
3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. 
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. . Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Көтерілістің салдарынан 3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді,161-і каторгаға айналды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 

  1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы
    2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді;
    3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі;
    4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды;
    5. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады
    6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады;
    7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет