54. Юпитер Юпитер


Космологиялық қызыл ығысу



бет26/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

Космологиялық қызыл ығысу — галактиканың барлық алыс көздерінде байқалатын, олардың бір-бірінен, әсіресе біздің галактикадан динамикалы алыстауымен, не Метагалактиканың стационарсыздығымен түсіндірілетін сәулелену жиілігінің азаюы. Галактикалардың қызыл ығысуын алғаш 1912-1914 жылдарда байқаған америкалық астроном Весто Слайфер болды; Эдвин Хаббл алыстағы галактикалардың қызыл ығысуы жақындарға қарағанда үлкенірек болатынын және арақашықтыққа пропорционал өсетінін 1929 жылы ашты. (Қызыл ығысу заңы не Хаббл заңы).
Доплер эффектісіне сәйкес ғарышта қозғалатын барлық денелер жарық шығарады. Бұл заңды галактикаға қолдана отырып, астрономдар бізге жақындап келе жатқан ғаламдар жасыл, ал қашықтап бара жатқандар қызыл тәрізді болып көрінетінін анықтады. 1923 жылдан бастап 1950 жылдың орта кезіне дейін астрономдар галактикадан тыс денелерді зерттеу нәтижесінде галактикалардың бір-бірінен алшақтау процесін растады. Алынған мәліметтер негізінде Xaббл өз заңын тұжырымдады: галактика неғұрлым алыс қашықтықта болса, соғұрлым тезірек алшақтайды және соғұрлым оныңспектрі қызылырақ болады: {\displaystyle v=HD} .
Хаббл заңы: қызыл ығысу бойынша анықталған галактиканың алыстау жылдамдығы оған дейінгі қашықтықтың өсуіне пропорционал.
Мұндағы v — галактиканың алыстау жылдамдығы, D — оған дейінгі қашықтық, Н — Хаббл тұрақтысы (оның мәнін көп жағдайда 75 км/(с • Мпк) деп алады). Хаббл заңы тек алыс галактикалар үшін ғана қолданылады. Әлемде центр жоқ болғандықтан, жақын қашықтықтағы кейбір галактикалар біздің галактикаға жакындауы мүмкін. Ұлғайған Әлемнің ауа шары түріндегі екі өлшемді моделі жасалған. Бұл модель бойынша галактикалар шардың бетіне салынған нүктелер рөлін атқарады. Хаббл заңы Әлемнің ұлғаюын, яғни Үлкен жарылыс нәтижесінде Әлемнің пайда болғанын растайды. Қазіргі байқалатын ғарыштық сәулелер аясы Әлемнің Үлкен Жарылыстан кейін пайда болғанының куәсі. Бұл сәуле шығару кеңеюдің алғашқы мезетінде шығарылған сәуле эволюциясының нәтижесі, сондыктан оны реликтивтік деп атайды. Реликтивтік сәуле шығаруды 40-жылдары Дж. Гамов теория жүзінде болжаған. Есептеулер бойынша бұл сәуле шығарудың эквивалентті температурасы 10 млрд жыл өткеннен кейін бірнеше Кельвинге тең болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет