Қазақстан Республикасының саяси құрылымы
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
ҚР ұлттық саясатының қазіргі тұжырымдамасының мәні.
«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.
Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.
Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.
60.Қазақстандағы саяси процестердің ерекшеліктері және олардың өту режимдері.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметінің басқаруын іске асырады. Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі өкілеттілік мерзімдері алты жылға дейін созылатын жеті мүшеден құралады. Өздерінің құқықтары бойынша Конституциялық Кеңестің өкілеттілік мерзімдер шексіз мүшелері республиканың экс-Президенттері бола алады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Республика Президентімен тағайындалады. Дауыстардың тең екіге бөлінген жағдайында оның шешімі ақырғы болып саналады. Қазақстан күшті атқарушы билігі бар президенттік басқару жүйесімен жұмыс істейді. Президент заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына әсер ететін елеулі өкілеттіктерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |