56. Гибридті таксондар (нототаксондар)



бет7/15
Дата17.04.2023
өлшемі68,21 Kb.
#83460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
гербарий раука 122

63.Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

  • Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана,Дәрмене;Дермене;Диоcкорея;Долана;Жалбыз;Жалбызтікен,Жалынгүл;Женьшень;Жерқонақ;Жолжелкен;Жөке;Жуа;Жусан;т.б

Аралия (лат. Aralia) – аралия тұқымдасына жататын көп жылдық жабайы өсімдіктер туысы. Оның тамырларынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады. Емдік қасиеттері жөнімен женьшень препараттарына жақын: орталық нерв жүйесін сергітеді, организмді әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен ғана қолданады.
Арша - Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады.Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Бәрпі (Aconіtum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.Бәрпі туысына жататын өсімдіктердің барлық түрі улы болады, мысалы, Жоңғар Бәрпісінің тамыр түйнегінен қасқыр аулайтын у алынады. Тамырында 0,8 – 1,9% алкалоид болғандықтан, дәрі алу үшін пайдаланылады. Бәрпіні мал жемейді негізінен сәндік өсімдіктер.
Шүйіншөп (Шүйгіншөп, Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады.
Диоскорея (лат. Dioscorea) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырларынан алынған диоспонин және полиспонин препараттары кейбір жүрек қан тамыры ауруларына пайдаланылады. Сондай-ақ атеросклероз ауруына холестеринді төмендететін дәрі ретінде қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет