66. Суккуленттер —сабақтары жуан да етті және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі тұқымдас өсімдіктер тобы. Жапырақта жиналған су қорын Өсімдік қуаңшылық кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер мен шөлейттерде тараған. Мысалы, кактустар, сүттігендер тағы басқалар.
Сукуленттердің судың сақтау қасиеті
Балауызды қабат түзу
суды жапырақта жинау
транспирацияны жеделдету үшін беттік ауданы кішкентай жапырақ (тікен, ине)
Басқа суккуленттер мен кірпігүлдер сияқты қыста салқындықты қажет етпейді. Жыл бойы жылы болғанды қалайды.
Ксерофиттар,Суккуленттер - су жинақтайтын паренихимасы жақсы дамыған шырынды өсімдіктер. Олар Орталық Азия және Оңтүстік африка территорияларында кездеседі.
Үй өсімдіктері Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады.
Скрэб (ағылш. "scrub" - бұта, қалың бұталы шөп) - Австралияның құрғақшыл аудандарда қуаң жер өсімдіктері, (ксерофильды), көбінесе мәңгі жасыл бұталардың және аласа ағаштардың қалың ормандары. Бұталы эвкалиптердің, (ең құрғақ аудандар), әртүрлі акациялар, казуарин, шөлмекті ағаш кездеседі, (ылғалдылау аудандарда); бұршақ, мирта тұқымдасынан көп бұташалар басым болады. Діңдері майысқан, өте бұтақталған, жапырақтары ксероморфты ағаштар болады. Ормандағы аласа ағаштар тобы көбінесе болмайды, әлсіз дамыған шөптесін жамылғыда, шымқабатты астық тұқымдастар, ащышөптер, кейбір суккуленттер болады. Скрэб деп осыған ұқсас Африканың және Үндістаннын өсімдіктер типін айтады.
Кактустер - кактустер тұқымдасына жататын көпжылдық суккуленттер. Америка континентінің шөл және шөлейт далаларында жиі кездеседі. Кактустердің көптеген түрлерінің жапырақтары жойылып, тікенектерге айналған, сабақтары суға толы резервуарға ұқсас. Барлық кактустердің ареолдары бар, олардан гүлдер өсіп шығады, яғни «өркен» кактустер пайда болады. Өзіне тән сыртқы әсемдігіне құлпыр ған гүлі үйлесімді келетін бұл өсімдік бөлмеле гүл өсірумен шұғылдан ат ын әуесқойлар арасында кеңінен танымал. Бөлмені сәндеу үшін оның мына түрлері мен топтары ұсынылады. Пейрескиялар жапырақты, ірі бұта сияқты өседі, тамыры әлсіз кактустермен будандастыруға қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |