Жүгері крахмалы- өндіріске алып келінген жүгері алдымен күкірт
қышқылы (концентрациясы 0,1-0,2%) қосылған суда, 48-50С температурада,
44-52 сағат бойы жібітіледі. Жібіген дәндердің байланыстары босайды.
Жібіген дәндер ары қарай жармалануға жіберіледі. Жармалану екі кезең
өткізіледі: бірінші кезең дәндерден ұрығы бөлінеді де олар жууға
бағытталынады. Гидроциклонда пайда болған суспензия сорғы арқылы доғалы
електерге жіберіліп өңделінеді. Сонда байланысқан крахмал босайды. Жүгері
ұрықтары шнекті баспаларда сусызданып ары қарай кептіруге жіберіледі.
Кепкен ұрықтан жүгері майын алады.
Ұрығы алынған жүгері массасы майдаланып ұнтақталуға түседі.
Ұнтақталған массаға крахмал сүтін қосып електі станцияларда крахмалды
бөледі. Осылайша алынған крахмалды-ақуызды суспензияның құрамында 13%
құрғақ заттар бар. Бұл масса ондағы ақуызды (глютенді) ажырату үшін ортадан
тепкіш сепараторға немесе гидроциклонға түседі. Бұл жабдықтарда кразмал
және глютенді суспензиялар ажыратылып, крахмал суспензиясы
гидроциклондарда тазартылады. Тазартылған крахмал кептіріліп өлшемденіп
сиымдылықтарға салынады.
Химиялық құрамы бойынша крахмал біртекті емес. Құрғақ заттарының
96,1-97,6% амилаза мен амилопектин полисахаридтері құрайды. Крахмалдың
маңызды қасиеті оны сумен қыздырғанда коллоидты ерітінді – клейстер түзуі
болып табылады.
Крахмалды тауарлық сұрыптарға бөледі. Картоп крахмалы: экстра,
жоғары, 1-ші, 2-ші, жүгері крахмалы: жоғары және 1-ші. Крахмалдың сұрыпы
оның тазалығына байланысты және түсі, қышқылдылығы, күлділігі бойынша
анықталады. 2-ші сұрыпты картоп крахмалы техникалық мақсатта немесе қайта
өңдеу өнідірістерінеде қолданылады.
Картоп крахмалы ақ түсті, экстра және жоғары сұрыптарына кристалды
жылтырлық тән; 2-ші сұрыпы сұр, реңді ақ түсті;жүгері крахмалы сарғыш
реңді ақ түсті.
Стандарттармен крахмал ылғалдылығы, қышқылдылығы, күлділігі, күкіріт
ангидридінің мөлшері нормаланады.
Бөтен исі бар және жағымсыз иісті крахмалды сұр реңді (жоғары сұрып
үшін), бөтен қоспасы бар, түйірленген, қолымен басқанда үгітілмейтін
крахмалды сауда желілеріне жіберу рұқсат етілмейді.
Крахмалды буып—түю үшін массасы 50кг ға дейін қос қабатты қаптар
қолданылады. Сонымен қатар 250-1000г дейін пакеттерге салады. 131
Крахмал құрғақ, таза, жақсы желдетілетін, бөтен иіссіз зиянкестермен
зақымданбаған бөлмелерде 75% ке дейін салыстырмалы ауа ылғалдылығында
18С-қа дейін температурада сақтайды. Осы жағдайларда крахмалды 2 жыл
бойы сақтауға болады.