1-жүргізуші: Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.
Сол өлеңдерді сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ.
1 - оқушы:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
4 - оқушы: Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туған тілде намысым мен арым дар,
Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!
Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да,
Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)
оқушы: Ана тілім- тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
1-ж: Тілім менің-тірлігім
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің-тілім менің тірлігім!
1-ж: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
2-ж: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
1-ж: Ия, Тіл – халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.
2-ж:
Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.