57 жалпы орта мектеп Ашық тәрбие сағат Тақырыбы



бет5/7
Дата07.09.2023
өлшемі1,46 Mb.
#106487
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тіл туралы ашық сабақ

1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
2-жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.

1-Ж:Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы
Аида есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды
өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы,
ендеше кезекті Аида ға берейік.

Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік.


Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын.
Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.


Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)


Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
1- Ж: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
2- Ж: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
1- Ж: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар


1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең))
Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет