қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ерте- гілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
29. Қиял-ғажайып ертегілер:
«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар» және т.б. 30. Хайуанаттар туралы ертегілер: «Арыстан, қасқыр, түлкі»,
«Аю, түлкі және арыстан», «Түлкі мен ешкі» және т.б.
31. Шыншыл ертегілер:
«Аяз би», «Айлалы тазша», «Дүмше молда» және т.б. 32. Шыншыл ертегілердің бір саласы –
тұрмыс-салт ерте-
гілері.
33. Тұрмыс-салт ертегілеріне:
«Бозінген», «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы» сияқты шағын ертегілер жатады. 34. Ертекші – ертегіні айтушы адам.
35. А.В.Сухомлинский: «Ертегі – халық мәдениетінің, рухани
байлығын, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен та-
нып-біледі».
36. Кендебайдың тұлпары: Керқұла.
37. Лирика. Лирикалық шығармада, негізінен алғанда, жеке
адамның көңіл күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз
жайын, өзінің айналадағы өмірге, әртүрлі құбылыс, жағдай-
ларға көзқарасын сипаттайды.
38. Драма (грекше drama - қимыл-әрекет) – сахнаға арналған
оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін
көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
39. Эпос (грек. евро – сөз, баяндау, әнгіме, өлең) – халық ауыз
әдебиетінің бір саласы; өмір құбылыстарын кең көлемде
қамтып, кейіпкер образын, күрделі оқиғаларды мейлінше мол
беру арқылы суреттеу.
40. ЭПОС – миф, ертегі, аңыз, әңгіме, повесть, поэма, роман
41. ДРАМА – трагедия, комедия
42. ЛИРИКА - салт жырлары, жан-жануарлар туралы жырлар,
өлең, терме, толғау, тақпақ, арнаулар, т.б.
43. Әдебиетте көріктеу құралдарын
троп дейді.
44. Троп (грекше tropos - айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз
қолданысы) немесе құбылту – сөздердің тура мағынасында
емес, ауыспалы түрде қолданылу тәсілі.
45. Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл көрнекі болу үшін дерексіз
нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей су-
реттеліп, адамның сана-саңылауына келіп тусерлік дәрежеге
жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін
турлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі туріне қарай үш топқа
бөлінеді: