«дала философы»
ел
қамын жеп, қайғы-қасірет кешкендігіне байланысты Асан атына
кейін
«қайғы»
сөзі қосылып, аңызға айналып кеткен.
1. Әдебиет –
араб сөзі, қазақ тіліне аударғанда «көркем сөз»,
«сөз асылы» деген мағынаны білдіреді.
2. Әдебиет –
ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті болып екіге
бөлінеді.
3. Ауыз әдебиеті –
авторы болмайды.
4. Ауыз әдебиеті
ғылымда
«фольклор»
деп аталады.
5. Фольклор –
ағылшын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда
«халық
шығармасы», «халықтың ауызша шығарған көркем сөз-
дері»
деген мағынаны білдіреді.
6. Ауыз әдебиетінің түрлері:
тұрмыс-салт жырлары,
мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер, дастан-
дар, аңыздар, шешендік сөздер, айтыстар.
7. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылықта-
ры:
а) ауыз әдебиеті – ұжымдық шығарма; ә) ауыз әдебиеті –
көпнұсқалы шығарма; б) ауыз әдебиеті шығармаларында қай-
талаулар, тұрақты ұйқастар, қалыптасқан дағдылы сөздер жиі
кездеседі; в) ауыз әдебиеті – синкретті өнер.
8. Синкретизм –
өнер түрлерінің бірігуі.
9. Айтыс –
синкретті өнер. Ол суырыпсалмалық, ақындық,
әншілік т.б. бірігуі.
10. Б.Кенжебаев:
«Қазақ халқы жазба әдебиетінің тарихын
VIII-IX ғасырлардан бастау керек, содан бергі қазақ жерінде
жасалған, қазаққа ортақ, бір кезде түсінікті болған жазу-сызу-
ларды, жазба әдебиет нұсқаларын зерттеу қажет деп білем».
11. Халел Досмұхамедұлы:
«Қазақтың жазба әдебиетінің
нгізін мұсылманша оқыған сауатты ақындар салғаны сөзсіз.
Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэ-
зиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу кажет»
12. Рәбиға Сыздықова:
«Қазақтың жазба поэзиясының
алғашқы нышандары Дулат өлендерінен көрінеді».
Достарыңызбен бөлісу: |