11. Халел Досмұхамедұлы: «Қазақтың жазба әдебиетінің
нгізін мұсылманша оқыған сауатты ақындар салғаны сөзсіз.
Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэ-
зиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу кажет»
12. Рәбиға Сыздықова: «Қазақтың жазба поэзиясының
алғашқы нышандары Дулат өлендерінен көрінеді».
13. Шығарманың кейіпкері – көркем шығармада суретте-
летін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.
14. Әдеби образ – шығармадағы көркем бейне.
15. Шығарманың қаһарманы – көркем шығармада
жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер
болады.
16. Әдеби жанрлар (французша genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі.
Шығарма жанры
мазмұнына, құрылысына, композициясына және түріне қарай анықталады.
17. Шығарманың тақырыбы – көркем шығармаға негіз, арқау
болған өмір құбылыстарының түйіні.
18. Шығарманың идеясы (грекше idea - түсінік, елес, бейне) – шығарманы жазған автордың айтайын деген негізгі
ойы.
19. Шығарманың мазмұны - шығарманың шындыққа негіздел-
ген тақырыбы мен идеясы.
20. Шығарманың пішіні – әдеби қаһармандардың өзара қа-
рым-қатынасына, өміріне, тағдыр тартысына негізделген
сюжеті, көркем шығарманың тілі.
21. Шығарманың түрі – шығарманың жанрына қарай анықта-
луы.
22. Шығармадағы тартыс (латынша: қақтығыс, айқас, кейде алауыздық, талас) – өмірдегі қайшылықтардың шығар-
мада берілуі.
23. Шығарманың сюжеті (французша: зат) – шығармада ба-
яндалатын оқиғалар тізбегі.
24. Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиғалар
мазмұнын қысқаша баяндау.
25. Шығарманың композициясы – шығарманың құрылысы.
Шығарма сюжетіндегі композицияның өрбу кезеңдері –
шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегінің рет-ретімен ор-
наласу ерекшелігі.