5сынып адебиет


«Үндемейтін ұл», «Қияннан келген



Pdf көрінісі
бет675/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   679
Байланысты:
5сынып адебиет

«Үндемейтін ұл», «Қияннан келген 
көгершін», «Сынық домбыраның сазы», «Күрмеуі қатты 
түйіндер», «Таң алдындағы дабыл», «Жатақхана қыздары» 
кітаптары жарық көрді. 
187. Жазушы шығармаларының тақырыбы 
– адалдық, 
адамгершілік, махаббат, азаматтық борыш. 
188. Н.Ақыш 
«Нағыз әже қайда?»
әңгімесінде отбасы, ұшқан 
ұя – жылылықтың, мейірімділіктің мекені екені, отбасындағы 
әке-шеше, ата-әженің орны туралы ой толғайды. «Әже» атауы-
ның мәніне терең үңіліп, әженің қасиетті жан екенін сезіндіру-
ге, ардақтауға бағыттайды.
189. Тақырып – 
жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы 
болса, 
идея – 
жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құ-
былысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына
берген бағасы.
190. Әдеби шығарманың атауы да
 тақырып 
деп аталады. Әдеби-
ет теориясында шығармадағы автор көтерген басты мәселе 
де 
– тақырып.
191. Көркемдік әдіске байланысты образдың екі түрі болады. 
Олар:
 реалистік образ, романтикалық образ. 
192. Романтикалық образ –
өмірдегі болған немесе бар дерек-
тен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. 
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі ерте-
гілер мен аңыздарда, батырлық жырларда кездеседі. 
193. Реалистік образ –
атынан белгілі, шындыққа негізделген 
кейіпкерлер. Олар арқылы шығармадан өмірдің ащы-тұщысын, 
шындығын көре аламыз.
194. Зейнолла Қабдолов: 
«Реалистік образ – нанымды образ: 
оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан 
өтетін оқига… бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі. Өйткені суреткер 
шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығар-
майды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерде ылғи іркіп отырады».
Джек Лондон


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет