5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі



бет6/15
Дата29.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#144869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kajimovakr 4

Мақсаты: 1. Музыкалық тәрбиенің сыныптан және мектептен тыс формаларының мазмұнына әртүрлі көзқарастар. 2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру: тақырыптық мерекелер, үйірмелік іс - әрекет, музыкалық клуб, фонотека және т.б. Қазіргі мектепте музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды: Мектепішілік іс – шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар. ҚР Білім стандартының тұжырымдамасы негізінде құрастырылған жаңа буын оқулықтарын, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізу. Мектепішілік іс – шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар - мектепте әр түрлі үйірмелерді құру арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда мынадай үйірмелер болуы тиімді: хор, оркестр, жеке аспаптар, әншілер, би үйірмелері, фольклорлық, музыка театры және т.б. Оқушылармен өткізілетін музыкалық іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға дәріс - концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу жатады. Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес, музыкалық талғамдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы. Мектепте ұйымдастырылатын музыкалық іс- шаралардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекция - концерттер ұйымдастыру.


№5 дәріс Дәрістің тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар
Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта орындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай - ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін дәріс - концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда, болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстарының әртүрлі формасын ұйымдастыру әдістері
1. Мектептегі музыкалық сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған формалары: ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастыру.
2. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру мақсатында сценарийлер дайындау.
Қоғамда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәдени –шығармашылық мұратқа қарай ойысуы жолындағы саяси міндеті туралы дәстүрлі түсінік қаралу үстінде.
Орта мектептің атқаратын міндеттеріне сәйкес өзіне қойылатын әлеуметтік-эстетикалық талаптарға қол жеткізу және осы бағыттағы жұмыстарды кеңінен енгізу керек екендігін көрсетеді. Мектепте тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру- оқушылардың мәдени (музыкалық) тынығу жұмыстарының теориясы мен практикасын дұрыс пайдаланып, оны ұйымдастыра білуге байланысты.
Оқушылар аудиториясындағы музыкалық мәдениеттің деңгейіне анықтама беру үшін классикалық және қазіргі музыканың әртүрлі жанрлары бойынша үздік туындыларын оқушылар өміріне және тұрмысына толық енгізу керек екендігін қарастыру қажет.
Оқушыларды эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, музыкалық өнердің әсерінен табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеу. Ол үшін музыка мұғалімдері оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, уақыт талабына сай жоспарлап жүргізуі қажет. Эстетикалық тәрбие орталықтары, өнер мектептері, театр және кино театр барынша дамытылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет