Əдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.
Әдебиеттер: 8 [641-649]
№8. СӨЖ. Тақырыбы: Екі өлшемді массив. Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Матрицаны программада сипаттау, енгізу, шығару.
Матрица элементтерін инициализациялау.
Əдістемелік нұсқау:Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.
Әдебиеттер: 8 [641-649]
Тоғызыншы апта 1. Жолды енгізу және шығару функциялары 2. Strlen()- жол ұзындығын, strcat()-жолды біріктіру және strcpy() –жолды көшіру функциялары. Символдық айнымалыларға әрекеттер жасау үшін Си тілінде string.h тақырыптық файлда анықталған функциялар қолданылады. Символдық айнымалылар былайша сипатталады: Char айнымалылар тізімі ; символдық жол символдық массив түрінде сипатталады.
String.h тақырыптық файлда төмендегідей функциялар анықталған.
1.strlen ( ) – функциясы жолдың ұзындығы табу үшін қолданылады, функция нәтижесінде бүтін сан шығады.
Жалпы жазылуы: strlen (жолдық айнымалы). 2. strcat ( ) – функциясы 2 жолды біріктіру үшін қолданылады.
Жалпы жазылуы: strcat( 1 –жол , 2- жол ); функция 2- жолды 1- жолға біріктіреді.
3. strcpy ( ) функциясы жолдық айнымалыны басқа жолдық айнымалыға түгелдей көшіру үшін қолданылады.
Жолдардың ұзындығын анықтау.Өзімізге белгілідей С тіліндегі смволдық жолдардың жолдары тізбектесіп келеді,ол жерде басы сілтеуіштің символдық типке сілтейді,ал аяғы 0-дік символды көрсетеді.Кей жерде жолдың ұзындығын, ондағы символдар санын міндетті түрде білу қажет.
Бұл ұзындықты STRLEN () кітапханалық функциялардың көмегімен анықтауға болады.Оның прототипі :
STRING .Һ файлында: size t strlen(char * str).
Size t бұл қандай тип? Ол string.h файлында unsigned түрінде анықталған, онда strlen( ) функциясы таңбасыз бүтін сан қайтарады. Unsigned типіне сәйкес келетіндігін естен шығармаған жөн. Strlen функциясына берілген аргумент- бұл жолдың ұзындығын анықтайтын жолға сілтеуіш.
Функция Str басынан 0-дік символға дейінгі символдарға санын қайтарады. Бұл функцияның қолданылуы 1-ші листингте көрсетілген.