1.5.2 Strrchr ( ) функциясы strrchr () кітапханалық функциясы strchr() функциясына ұқсас, бірақ бір айырмашылығы, ол берілген символдың жолға соңғы енуін іздейді. Ол төмендегідей прототипке ие:
char * strrchr (const char* str, int ch);
strrchr ( ) функциясы берілген ch символының соңғы позициясына сілтеуішті қайтарады, ол str жолында немесе NULL –да, егер тек бұл сивол жоқ болған кезде.
1.5.3 Strcspn ( ) функциясы Strcspn( ) кітапханалық функциясы екінші жолдағы кез келген символдың бірінші кірісін іздейді. Ол төмендегідей прототипке ие:
Size _ t strcspn (const char *str1, const char *str2);
Strcspn ( ) функциясы str1-дің бірінші символынан жұмысын бастайды және str2 жолынан кез келген символдың кездесуін тексереді. Есте сақтаған жөн, бұл функция бәрін бүтіндей емес, str1- ден тек str2-ден бөлек символдарды іздейді. Сәйкестік табылған кезде, функция str1 жолының басынан бастап сиымдылықты кері қайтарады. Str1 бұл жерде табылған символдың мекенін сипаттайды. Егер бірде-бір сәйкестік табылмаса, онда функция strlen (str1) мағынасын қайтарады. Бұл бірінші табылған сәйкестік екі жолдың аяқтаушы нөлдік символдың арасында табылғанын білдіреді. Strcspn ( ) функциясының қолданылуы 10-шы листингте көрсетілген.
1.5.4 Strspn ( ) функциясы Бұл функция үстідегі strcspn () функциясымен туыстас. Оның прототипі төмендегідей түрге ие:
Size _ t strspn(const char* str16 const char *str2);
Strspn ( ) функциясы str2 жолында жоқ символды кездестірмейінше, str1 жолының символдарын кезекпен жинайды. Ол str2 жолына кірмейтін, str1 жолындағы бірінші символдың позициясының нөмірін кері қайтарады. Егер мұндай символ кездессе, онда функция бірден 0-ді қайтарады. Strspn() функциясының жұмысы 11-ші листингте көрсетілген.
1.5.5 Strpbrk ( ) функциясы Бұл кітапханалық функия strcspn( ) функциясымен үйлесімді.
Ол тура соны орындайды. Арасындағы айырмашылықа strpbrk() функциясы талданатын функциялар қатарына аяқтаушы 0-ді қоспайтыны жатады. Прототипі төмендегідей:
Char* strpbrk (const char* str1, const char* str2);
Strpbrk ( ) функциясы str2-нің сәйкес кез келген str1-дегі бірінші символға сілтеуішті кері қайтарады. Егер сәйкестік табылмаса, NULL қайтады.