5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»



бет19/37
Дата04.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#79347
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

1.4.2 Жолдардың фрагментін салыстыру
Srtncmp ( ) кітапханалық функциясы бір жолдан екінші жолға берілген ұзындықтың фрагментін салыстырады. Ол төмендегідей прототипке ие:
Int strncmp(const char* str1,const char * str2,size_t n).
Бұл функция str1 жолымен бірге str2 жолынан n символды салыстырады. str1-дің соңына жетіп немесе барлық n символдар тамамдалғанша салыстыру жалғаса береді. Кері мағынасы және салыстыру әдісі тура strcmp() функциясындай. Жолдар регистрдің тіркеуімен салыстырады. Бұл функциясының қолданылуы 8-ші листингте көрсетілген.
1.4.3 Екі жолды регистрдің тіркеуінсіз салыстыру
Өкінішке орай, ANSI C стандартты кітапханасында регистрдің символдарының айырмашылығынсыз жолдарды салыстыру функциясы жоқ. Бірақ көп тараған С компиляторлары бұл мақсат үшін стандартты емес функцияларды көрсетеді. Мысалы, Symantec компилятор strcmp1( ) функциясын ұсынады, ол Microsoft кітапханасында бұл жағдайда_ stricmp () функциясы барады, ал Borland кітапханасында бірден екі функция strcmpi ( ) және stricmp( ) бар. Өзіңіздің компиляторыңыздың кітапханасында мұндай функциясының қасиеттерін анықтау үшін, оның документациясына қарайласыңыз. Smith және SMITH сияқты жолдарының функциясын шақыру кезінде тең болып шығады. Регистрдің тіркеуінсіз салыстыру функциялары қолданылуы үшін, 7-ші листингтегі 27-ші жолды өзгертіңіз және бағдарламаға қайта жіберіңіз.
1.5 Жолдар бойынша іздеу
С кітапханасы жолдар бойынша іздеуді орындайтын бірнеше функцияға ие. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл функциялар бір жолдың екінші жолдың ішінде кездесетін, кездесе тұра қай жерде екенін анықтайды. Мұндай функциялар саны бар болғаны 6 және олардың барлығы string.h тақырыптық файлында хабарланған.
*strchr( )
*strrchr( )
*strcspn( )
*strspn( )
*strpbrk( )
*strstr( )
1.5.1 Strchr( ) функциясы
Strchr( ) функциясы берілген символдың берілген жолдағы алғашқы кірістерін табады. Оның прототипі:
Char*strchr(const char*str,int ch);
Strchr( ) функциясы ch символын таппайынша немесе жол нөлдік символмен аяқталмайынша, солдан оңға str жолында іздеуді орындайды. Егер ch символы табылмаса, функция сілтеуішті оған кері қайтарады. Сонымен strchr( ) функциясы символды атпқан кезде , ол символдың сілтеуішін (мекен жайын) кері қайтарады. Str жолдағы 1-ші символға сілтейтінін біле отырып, str-ді кері қайтарылған функциядан тартып ала отырып, символдың орналасуын есептеп шығаруға болады. Бұл операция 9-шы листингте көрсетілген. Жолдағы 1-ші символ 0 нөмеріне ие екенін есте сақтаңыз. С-дің басқа да көптеген функциялары сияқты, strchr( ) функциясы символдардың регистрін ажыратады. Сол үшін мысалға алсақ, “raffle” жолынан “F” әріпін таппайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет