5В011100 Информатика(4 ж.), 5В011100 Информатика


Интернетпен байланыста физикалық принципі



бет42/79
Дата25.11.2023
өлшемі1,01 Mb.
#126983
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі

Интернетпен байланыста физикалық принципі

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.


Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интернетпен қосуға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады. Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:


Модем арқылы байланыс
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.
Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с)


Бақылау сұрақтары:

  1. Интернет түсінігі?

  2. Желі маңызы?

  3. Ауқымды интернет желісі түсінігі?

  4. Интернет тарихы жайлы не түсіндің?

  5. Желілік тақша деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет