5В011100 Информатика(4 ж.), 5В011100 Информатика


Гипермедиа немесе гиперорта



бет17/79
Дата25.11.2023
өлшемі1,01 Mb.
#126983
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Гипермедиа немесе гиперорта деп құрамына әртүрлі типті құрылымданған ақпарат кіретін гипертексті айтамыз. Бұл гипермедиялық тұжырымдамалар, ұғымдар, қосымшалар, техникалық құралдар мен технологиялар саласы.
Архитектураланған гипермедиа-бұл оны құру барысында гипермедиалық тораптың мазмұнын осы гипермедиалық торап арқылы ұсынылған объектінің атрибутына сәйкес құруға мүмкіндік беретін гипермедиа, өйткені олар мәліметтер қорына сипатталған және тораптардың арасындағы гипербайланыстар ассоцияланатын болып табылады.
Интерактивтілік- Шынайы уақыт режимінде оқушы мен ақпараттық жүйе арасындағы белсенді хабар алмасу интерактивтілік деген атауға ие болды. Әдебиеттерде үш түрлі қарастырылады:
Реактивті интерактивтілік-бұл тізбектелген тапсырмалар(оқытудың сызықтық моделі).
Әрекетті интерактивтілік-тапсырмаларды орындау ретін өз бетімен таңдау(оқытудың сызықтық емес моделі). Дербес білім алу жолы бойынша өзіндік оқу мүмкіндігі.
Өзара интерактивтілік-оқушы әртүрлі кедергілерді жоя отырып, зерттеу жүргізуге, жеке есептер шығаруға, тапсырмалардың ретін құрылымдауға мүмкіндігі бар.
Оқыту бірлігі-семантикалық, синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар, бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен оның құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Оқыту траекториясы-бір электрондық оқу басылымындағы оқыту бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі.
Ауқымды желі internet-ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады.
E-mail,электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы.
Телеконференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет