Дәріс 2. Тақырыбы: Инструментальды орталар. Мақсаты: Инструментальды орталар. Оқыту орталары. Оқытудың компьютерлікқұралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізін жайлы түсінік беру
Оқыту орталары
Оқытудың компьютерлік құралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізі
Сабақты, конспектіні, лекцияларды Internet-презентация түрінде орналастыру қиын емес. Бұл материалдарды мектеп сайтына орналастыруға болады.
Гиперсілтеме терминін Тед Нельсон 1965 жылы енгізген. Ол белгілі бір сөзге басып сол туралы мағлұматтар алуды женілдетеді. Мысалға мұндай сілтемелерді оңай Internet тен көруге болады жане тегін.
Вертуалды саяхат. Музей, галерея, көрме сайттарынан керемет вертуалды саяхат сабағын өткізуге болады. Дәл сол сияқты көптеген завод, фабрикалардын жұмыстарын да вертуалды көріп танысуға болады. Көптеген қалалар сайты да бар солар арқылы география сабағын да вертуалды өткізуге болады, web-камераны қолданып елдің түкпір-түкпірін көруге болады.
Мультимедиалық технологиялар. – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.