Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
Теориялық негіздемелер Студенттерді сабақ айтуға тартудың түрлері мен тәсілдері көп. Олардың кейбіреуін абыройлы деп атауға болады («мен айтқандай істе әйтпесе жаман баға аласын»), басқалары — либеральды («істегін келсе — істе, ұнамаса —істеме, бірақ, саған сол материал керек болған кезде, сен оны білмесен, онда ешкімді айыптама»), үшіншілері— серіктестік («сенде бәрі орындалу үшін бірге істейік»)және т.б..
Оқыту тәсілдерін қолдану материалдық және техникалық базасымен бекітілген әртүрлі білім беру тәсілдеріне сүйенеді. Оқытудың сапасын арттыру үшін ортанғы буын мектептерінін ұстаздары көңіл аудары элементтерін қолданады, жаңа сабақты ойын, кроссворд арқылы түсіндіреді.
Мектеп оқушыларының жасы өскен сайын көңіл аудару ойын элементтерін қолдану азаяды. Оның бірден бір себебі ол оқушылардың болашақ мамандығына акцент түсіру болып табылады. Бірақ көңіл аудару және ойын элементтерін сабақ түсіндіру барысында жоғары сынып оқушыларына қолдану керек. Ойын элементтерін қолдану мамандық таңдаумен ұштастыруға болады: егер де төменгі сыныптарда ойын элементтері обьект болса, қазір олар ойынның обьектілері ретінде өздері немесе қоршаған ортаның кез келген обьектісін ала алады. Ондай тәжірибе болашақта ұстаз болам деген оқушыларға, және сонымен қатар болашақта журналист, тіл маманы және тағы басқа сала қызметкерлері болам дегендерге өте керек. Бұл тәжірибені оқушылар мектепті бітірер кездегі «Компьютерде ойын обьектілерін құру» курсында таңдай алады..
Материалдарды құру үшін және безендіру үшін Word текстік редакторы, Paint, Corel Draw графикалық редакторлары, Adobe Illust rator, электронные оқулықтары және CROSSWORDS & WORD GAMES сынды арнайы бағдарламалық жабдықтар қолданылады.
Оқыту мақсаты және курс тапсырмалары • ойын сабақтарының материалдарын құру және безендіру мүмкіндіктерін компьютердің қолданбалы бағдарламалары арқылы жасау;
• ойын сабақты қоршаған адамдарға дұрыс жеткізу білу машықтығын дамыту;
• ойын сабақтың элементтерін жасауға арналған компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету;
• болашақ мамандықты таңдауға көмектесу;
• қолданбалы бағдарламаларды көбейту.
Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың формалары Сабақ дәріс және компьютерлік практикум түрінде өтеді. Дәрістік бөлімде мұғалім қызықтыру элементтері және олардың қасиеттері жайында айтады, және айтқаның мысалдар арқылы бекітіп отырады. Негізінен назар қызықтыру материалдарын компьютерде жасауға бөлінеді. Тапсырмалар практикум кезінде орындалады. Практикум кезінде информатиканың базалық курсында өтпеген қолданбалы программалармен де жұмыс жасайды.
Сабақтың басы сабақтың мүмкіншіліктерін айтумен басталады. Курстың негізгі мотифтері мамандық таңдауда жеңілдік болатындығы жайында және қоршаған ортаған қызықты адам болу.
Курс блоктарға бөлінеді, әр блок бір қызықтыру компонентін қарастырады. Блок дәрістен басталады. Оған бөлінетін уақыт түсіндірілетін материал көлеміне, программалық жабдықтарына және т.б. қарап бөлінеді.егер мұғалім айтқан бағдарлама оған таныс болмаса, онда мұғалім ол туралы методикалық материал беруі тиіс. Бағдарламаны меңгеру негізінен практикумға сүйенеді. әрбір блок шығармашылық тапсырмамен аяқталады, онда әрбір оқушы өзіндік қызықтыру материалын жасап шығарады.
Оқушы:
• әртүрлі ақпаратты өңдеу мүмкіндітерін біледі;
• Word мәтіндік редак торында жұмыс жасай алады жәнеграфикалық редакторлардың бірінде жұмыс жасай алады;
• компьютердің жұмысындағы бағдарламалардың атқаратын қызметін біледі.