Тәжірибелік сабақ 7.
Тақырыбы «Білім берудегі басқару жүйелері»
Дидактикалық мақсаты: іздеушілік, зерттеушілік.
Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.
Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, іздеу жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы.
Оқуыту құралы:оқу-әдістемелік әдебиет, программалық құрал.
Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу.
Теориялық түсініктеме
Негізгі түсінік: ақпарат, тіл, жүйе, білім, дәреже, басқарма, жасанды интеллект.
Мазмұнды-әдістемелік талдау
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Дидактикалық материалдар
Тапсырмалар нұсқасы
Тапсырма 1. 1 сабақтың 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасында көрсетілген кестеге сәйкес хабарлама сабақтың конспектін жасап оны жүйелеу керек. Хабарлама сабақтың ерекшеліктерін ескере отырып оның қасиеттерін конспектіде көрсету керек: информатика пәні жайындағы оқушылардың теориялық білімді меңгергендігін және бағалануын көрсету, сұрақтарға деген жауаптарын бағалау керек.
Хабарлама сабақтар және жүйелеудін тематикасы.
а) Сабақ -семинар
№ 1. Информатика как синтез науки и технологий.
№ 2. Ақпараттық қоғам.
№ 3. «Ақпарат» түсінігі.
№ 4. Геоақпараттық жүйелер.
б) Сабақ – проблемалық дискуссия
№ 5. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны мен әртүрлі әсері
№ 6. Информатиканың әлеуметтік аспектілері.
№ 7. Информатиканың тілдік аспектілері.
№ 8. Бизнесті қайта жоспарлау және ақпараттық технологиялар.
в) Сабақ шығармашылқ тапсырма
№ 9. Эксперттік жүйелер.
№ 10. Интернеттегі телеконференция.
№ 11. Әлеуметтік зерттеулердің математикалық нәтижелерін информатикалық технологиялар арқылы жүзеге асыру.
№ 12. Жоспарлау және басқару саласындағы математикалық өңдеу информатикалық технологиялары.
Тапсырма 2. Берілген тақырыпта алдындағы берілген білімді бақылау және қайталау сабағының конспектін 1 сабақтың, 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасына сәйкес жасау керек. Білімді бақылау және қайталау сабағының ерекшеліктерін ескеру керек, сондықтан конспектіде төмендегідей негізгі этаптарын көрсету керек: тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды орындауы және еспті тапсыруы.
Бақылау және коррекциялау сабақтарының тақырыптары
№ 1. Ақпаратты структуралау және жүйелеу.
№ 2. Паскаль программалау тілінің мето анықтамасы.
№ 3. Реляцилық мәліметтер базасын құру.
№ 4. Мәліметтер базасын өңдеуге макростар құру.
№ 5. «Генератора отчетов» режимінде СУБД-мен жұмыс.
№ 6. Интернетте өшірілген мәліметтер базасымен жұмыс.
№ 7. Электрондық почта.
№ 8. Интернет желісінен мәліметтерді қарастыру.
№ 9. Өлшемдердің арасындағы коррелияциялық тәуелділіктерді кестелік процессордың көмегімен зерттеу.
№ 10. Экспраполяция тәсілімен болжау есептерін шешу.
№ 11. АСУ-ВУЗ жүйесі және оның элементтерімен жұмыс істеу.
№ 12. Геоақпараттық жүйемен жұмыс істеу.
Достарыңызбен бөлісу: |