Тақырып 13. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализ. Температураның әсері. Вант – Гофф ережесі. Аррениус теңдеуі.
Активті соқтығысу теориясы.
Катализ. Катализ теориясы.
I т а р а у ЗАТ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК § 1. МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ Молекуланың электрлік қасиеті. Молекулалар бір-бірімен өзара әрекеттескенде не оларға сырттан электр өрісі әсер етсе, олардағы электр зарядтары бірдей орналаспауы мүмкін. Егер молекуладағы оң және теріс зарядтардың центрі бір-біріне тұспа-тұс келмесе оны полюсті молекула дейді. Молекула полюстілігін дипольдік момент шамасымен сипаттайды:
(1) мұндағы ( , — дипольдік момент, ол 10~18 см электростатистикалық өлшемдегі бір дебаймен өлшенеді; е — бөлшек заряды, ол 1,602'1013 Кулонға тең; / — элементар бөлшектердің арақашықтығы.
Барлық атомдар мен молекулаларда протондар мен электрондар болады. Егер ондағы протон саны электрон санына тең болмаса, онда оң және теріс зарядтың шамасы теңсіздік жағдайда қалады және оны ион деп атайды. Демек, иондар зарядты болғандықтан, оның айналасында электр өрісі пайда болады. Мұндай электр өрісі оң және теріс зарядтардың қосындысы нөлге тең және центрлері тұспа-тұс келмейтін атомдар мен молекулалар төңірегінде де пайда болады. Мұндай құрылысты молекулаларды полюсті деп атайды және олар оң және теріс зарядтардың центрлері тұспа-тұс келетін құрылыстағы полюсті емес деп аталатын молекулалармен салыстырғанда едәуір дипольді екені белгілі. Иондар да дипольді болуы мүмкін. Мысалы, теңсіздік жағдайдағы заряды бар бірнеше атомдар өзара химиялык, байланыста болатын иондардың оң және теріс зарядтарының центрі тұспа-тұс келмейді, яғни ол ион дипольді. Ал, зарядталған дененің энергиясы сыртқы электр өрісінің әсеріне тәуелді болғандықтан, олардың маңайындағы иондар мен дипольдердің болуы ион не диполь энергиясына да біршама ықпалын тигізеді.