5В011200-«Химия» мамандығының студенттеріне арналған «Физикалық химия» пәні бойынша



бет8/52
Дата06.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#146930
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
физикалык химия до 1 рк

Тақырып VII: Бейэлектролит ертінділері
Сұрақтар:

  1. «Ертінді» ұғымы. Ертінділер концентрациясынын өрнектеу әдістері.

  2. Ертінділер термодинамикасы. Идеал ертінділердегі компоненттердің химиялық потенциалы.

  3. Ертінділердегі молекулааралық әрекеттесу, молекула ассоциациясы(бірігу).

  4. Ертінділер теориясы.

  5. Бинарлы сұйық ертінділердің қаннықан бу қысымы.

  6. Рауль заңы, идеал ертінділер. Рауль заңының оң және теріс ауытқулар, ауытқулар себептері.

  7. Бинар жүйедегі «сұйық - бу» тепе – теңдігінің диаграммасы. Коновалов заңдары.

  8. Эбулиоскопия.

  9. Ертіндіден қатты еріткіштердің бөлінуі. Криоскопия.

  10. Сұйықтықта қатты заттардың идеал ерігіштігі.

  11. Осмостық қысым. Осмостың физикалық мәні. Ванг – Гофф жұмысы.

  12. Изотондық ертінділер. Биологиялық процестердегі осмостық қысымның ролі.

  13. Араласпайтын екі сұйықтық арасындағы үшінші компоненттің таралуы. Таралу заңы (Шилов теңдеуі).

  14. Экстракциялану.

  15. Шектеулі араласатын сұйықтықтардың күй диаграммасы.

  16. Газдар ерігіштігінің температураға және қысымға тәуелділігі. Генри заңы.



Есептер:

  1. 25°С кезінде судың қаныққан бу қысымы 3,066 кПА (23,75 мм рт.ст) құрайды. Осы температурадағы 5%карбамидтің (мочевина) CO(NH2)2 сулы ертіндісінің қаныққан бу қысымын тап.

  2. Құрамында 250 г су және 54 г глюкоза С2Н12О6 бар ертінді қандай температурада кристалданатындығын есепте.

  3. 100г диэтил эфир құрамында 8 г зат бар ертінді 36,85°С қайнайды,ал таза эфир 36,60°С қайнайды. Еріген заттың молекулярлық массасын анықта

  4. 20 °С – дағы 100 мл қан – гематитінің бояғыш затының 6,33г болғандағы ертіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа. Егер гематиттің элементарлық құрамы (%мас.)белгілі болса оның молекулалық формуласын анықта: С-64,6; Н-5,2 ;N –8,8; О-12,6; Fe- 8,8;

  5. 10г амонии хлоридін 233 г. суда еріткенде температура 2,8 градусқа төмендеді. Аммоний хлоридінің еруінің энтальпиясын анықта.

  6. Суда 10 г сусыз кальций хлоридін еріткенде 6,82 кДж бөлінді, ал 10 г. кристалогидрат СаCl2·6H2O суда еріткенде 0,87 кДж сіңірілді.Сусыз тұздан және судан кристалогридаттың түзілу энтальпиясын есепте.

  7. 250 г суда 50г кристаллогидрат FeSO4·7H2O ерітілді. Ертіндідегі кристаллогидраттың және сусыз темір сульфатының массалық үлесін есепте.

  8. Құрамында 8% сусыз тұз бар 1 л ертінді дайындау үшін қажетті мыс купоросының CuSO4·5H2O және судың массасын тап. 8% CuSO4 ертіндісінің тығыздығы 1,084 г/мл тең.

  9. 100 мл 15%(масса бойынша) H2SO4 ертіндісін (тығыздығы 1,10 г/мл) дайындау үшін 96%-ті (масса бойынша) күкірт қышқылының қандай көлемін (тығыздығы 1,84 г/мл) және судың қандай массасы қажет?

  10. 10% сілті ертіндісін дайындау үшін 200 мл 30% ті (масса бойынша) NaOH (тығыздығы 1,33 г/мл)ертіндісіне қандай көлемде су құю қажет?

  11. 67% ті (масса бойынша) сахароза ертіндісінде С12Н22О11 еріген заттың мольдық үлесін және молярлығын тап.

  12. 500 мл 3м ертіндісін дайындау үшін 2м және 6 м HCl ертіндісінің қандай көлемін араластыру қажет? Араластыру кезінде көлемнің өзгеруін ескерме.

  13. 15% (масса бойынша) H2SO4 (1,1г/мл) ертіндісінің моляльдығын, молярлығын және нормальдығын есепте.

  14. 42 мл H2SO4 ертіндісін нейтралдау үшін 14мл 0,3Н сілті қосу қажет болды. Күкірт қышқылы ертіндісінің молярлық концентрациясын анықта.

  15. 60ºC кезінде калий нитратының қаныққан ертіндісінде 54,4 % (масс.) тұз бар. Осы температура кезіндегі тұздың ерігіштік коэффициентін тап.

  16. 300г 15%-ті (масса бойынша) ертіндіні суытқан кезде еріген заттың бір бөлігі тұнбаға түсті, және ертіндінің концентрациясы 8%-ке тең болды. Тұнбаға түскен заттың массасы нешеге тең?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет