Гальваникалық элементтер және аккумуляторлар. Қышқылды және сілтілік аккумуляторлар. Жылу элементтері.
Есептер: 1м CuSO4және CuCl2 ертінділерінің электролизі кезіндегі минимальді кернеулікті анықта.
20г NaOH алу үшін 5А ток күшін NaCl ертіндісі арқылы қанша уақыт өткізу керек.
Никельді электродтар 1м NiSO4 ертіндісіне батырылған. Электролиз нәтижесінде 1 сағаттан кейін электродтардың біреуінің массасы1,000 г –ға кеміді. Ток күші нешеге тең? Басқа электродта қандай өзгеріс болады? Реакция теңдеуін жаз.
Келесі сулы ертінділердің электролиз кезінде түзілген өнімді көрсет: 1) H2SO4, 2) Na2SO4, 3) HCl, 4) NaCl, 5) CaCl2, 6) CuSO4, 7) KclO3 , 8) Na3PO4 . Электролиз активті электрод мыспен және инертті электродпен өтеді.
Молярлық концентрациясы 0,05 моль/л күміс нитраты ертіндісінің электролизі кезінде катодта 0,3482г күміс бөлінді. Күміс есебінен катодты кеңістіктегі күміс нитратының кемуі 0,1858 г құрайды. Ag және NO3 иондары үшін тасымалдау санын анықта.
Металдық кальций балқытылған кальций хлоридінің электролизінен алынады.28,8 МКл электр тогы өткен кзде 4,48 кг кальций бөлінді, ток бойынша шығымды есепте. Ваннадағы кернеулік 25В құраса, массасы 1 т кальций алу үшін қанша энергия жұмсалады.
1080 электр тогы өткенде ертіндіден мысты рафинирлеу кезінде массасы 338 мыс бөлінеді. Ток бойынша шығымды есепте.
Контактыда тұрған судағы мырыш және қалайының коррозиясы кезіндегі өздігінен жүретін реакцияның теңдеуін құрастыр.
Ауада 1м КОН ертіндісінде қалайы бұйымдары бұзылмас үшін, оны қандай металмен қаптайды?
Қорғасынды аккумуляторда мынадай реакция жүреді:
разряд
P bO2(к) + Pb(к) + 2H2SO4(p) 2PbSO4(к)+ 2H2O (ж)
заряд
Аккумуляторда қолдану үшін, реакция қандай талаптарға сай болу керек.
Мына реакция неліктен корғасынды аккумуляторда жүрмейді. Түсіндір.