Тақырып ІІ:Термодинамиканың 1 – і заңы. Изопроцестер үшін қолданылуы. Жылу сыйымдылығының температураға байланыстылығы. Сұрақтар: Роберт Майер теңдеуін қорытып шығар.
Термодинамиканың І заңының формулировкасын беріңіздер
Термодинамиканың І заңының дифференциалдық және интегралдық формасын жазыңыздар.
Әртүрлі изопроцестерге термодинамиканың бірінші бастамасын қолдану.
Жылу сиымдылығының температураға байланыстылығы.
Конденсирленген және конденсирленбеген системалар үшін энтальпия мен ішкі энергияның арасында қандай айырмашылықтар бар?
1 моль О2 , 3 моль Н2 , 2 моль СІ2 нее тең?
Мына өрнекте қате бар ма? РV= М/m RT еер де
М – молярлық масса, m – заттың массасы болса
Т1/Т2 = Р1/Р2 екені белгілі /1/ , Бойль – Мариотт заңы бойынша Р1/Р2= V2/V1 /2/, Гей – Люссак за4ы бойынша T2/ T1= V2/ V1 /3/. /3/ және /2/ өрнектің мәндерін орындарына қойып өрнек /1/ өрнекке қарама – қарсы екенін көреміз. Парадокстың бұлай шешілуі не себепті?
Егер а) идеал газ б) реал газ болса алыс арақашықтықта орналасқан екі газ бір – бірімен жақындаса бастаса системаның ішкі энергисы өзгере ме?
Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың І заңы қалай көрсетіледі?
Есептер. Тұрақты қысымдағы (р=1,013•105 Па) газға 2093,4 кДж жылу берілген. Егер газдың көлемі 0,01м3 - тан 0,02 м3 – қа дейін ұлғайған болса, ішкі энергияның өзгерісін анықта.
Т1=300 К t – 5ы 5 кг Не изохорлы суып, оның қысымы 2 есе кемиді. Содан соң газ тұрақты қысымда ұлғайды. Газдың жасаған жұмысын анықта.
5 моль 35º - тан 65º-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу қажет, егер көлемі өзгермесе ж/е С=15,4 Дж/ моль•К?
Тұрақты р – да 3 моль Н2 40 С – тан 90 С –қа дейін қыздыру үшін қанша жылу қажет, егер С= 11,7 Дж/моль К болса.
Жылу сыйымдылығы СV =15,4 Дж/моль К тең 3,2 г О2 30 С – тан 90 С – 0а дейін қыздырылды, бірінші тұрақты көлемде, екінші жағдайда тұрақты қысымда, қай жағдайда жылу көп жұмсалды ж/е неше есе.
Мөлшері 130г су буы 320л көлемге дейін изобаралық ұлғайтылды. Егер бастапқы кезде ол 27 С температурада ж/е 4•105 Па болған болса, сіңірілген жылудың мөлшерін анықтаңдар, судың изохоралық жылу сыйымдылығы СV= Ср= 4,1 Дж/кг К
1 м3 ауаны тұрақты көлем мен бастапқы қысымда р=1,03•105 Па 0 С – тан 1 С – қа дейін қыздыру үшін қанша жылу жұмсалады? Ауа тығыздығы 1,29 г/м3, жылу сиымдылығы Ср =1,01 Дж/г К.
Егер судың булану жылуы 2112 Дж/г тең болса, 150 С – дағы 100г судың булануының ішкі энергияның өзгерісін анықта.