«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет32/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190
 
Пікір жазғандар
Сәбит М.С. – философия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика 
және байланыс университетінің профессоры; 
Әбдірасылова Г.З. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының доценті. 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Философия тарихы» – «Философия» мамандығы бойынша бакалавр 
дайындауға арналған білім беру бағдарламасының міндетті пәні. Оны оқу 
барысында болашақ философтар әлемдік тарихи-философиялық үдеріс 
туралы білімге ие болады. Курс әлемдік философияның мынадай даму 
кезеңдерін қамтиды: Қазақтардың алғыфилософиясы (протофилософия), 
Ежелгі Шығыс философиясы, Антика философиясы, Қайта Өркендеу 
философиясы, Жаңа Дәуір философиясы, Европалық Ағартушылық 
философиясы, Неміс классикалық философиясы, XVIII ғасырдың соңы – XXI 
ғасырдың басындағы шетел философиясы, Қазақ философиясы.
Философия тарихын білу негізгі философиялық мәселелерді және 
оларды шешудің жолдарын түсінудің маңызды щарты болып табылады. Курс 
болашақ философ мамандардың бойында көзқарастық, адамгершіліктік және 
өмірмәндік бағдарлар қалыптастырады. 
Философияның рөлі оның зерттеу объектісі – адам, адамның 
табиғатпен, қоғаммен арақатынасы – арқылы анықталады. Философия 
адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын 
қалыптастырады. 
Негізгі құзыреттіліктер:
Курсты оқу нәтижесінде студенттер мына құзыреттіліктерге ие болады: 
Білу 
- әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін; 
- отандық және әлемдік философияның өзекті мәселелерін; 


37 
- әлемдік философияны қалыптастырған философтардың өмірін, 
қызметін және олардың концепцияларын. 
Жасай білу 
- әлемдік философиядағы жалпыны және көптүрліні салыстыру, бөліп 
көрсетуді; 
- көпшілік алдында сөйлеуді және өзіндік пікірді дәлелді түрде 
баяндау мен қорғауды; 
- философиялық білімдерді нақты жағдайларда және қоғамдық 
құбылыстарды сараптауда қолдана білуді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет