«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Қайта Өркендеу дәуірі философиясы



Pdf көрінісі
бет37/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы 
Қайта Өркендеу дәуірі философиясының қалыптасуының әлеуметтік-
экономикалық алғышарттары. Өнер мен жаратылыстану ғылымдарының 
гүлденуі және оның философиялық ойға әсері. Теоцентризмнен
антропоцентризмге өту. Гуманизм – Қайта Өркендеу дәуірінің ерекше 
белгісі. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Колюччо Солютати: адами 
бастауды асқақтату. Лоренцо Валла, Марсилио Фичино, Леонардо да 
Винчидің антропоцентризмі. Пико делла Мирандоло: адам – ғаламның 
орталығы және өз бақытын жасаушы. Мишель Монтень: адам тұлғасының 
тәуелсіздігін және толыққандылығын қорғау.
Ренессанс дәуірінің әлеуметтік-саяси концепциялары. Никколо 
Макиавелли: «мақсат – құралды ақтайды». Томас Мордың ерік еркіндігі 
туралы гуманистік принципі. Томмазо Кампанелланың теократиялық 
мемлекеттік құрылымы.
Реформация – адамды ренессанстық асқақтатуға қарсылық. Шіркеудің 
монополиясына Мартин Лютердің қарсы шығуы. Шіркеу басшылығын Эразм 
Роттердамскийдің мысқылдауы. Жан Кальвин: Құдай Сөзі арқылы 
құтқарылу.
Ғылым мен өнердегі платонизм, неоплатонизм және аристотелизм 
концепциялары. Николос Кузанский, Николай Коперник, Джордано Бруно, 
Галилео Галилей және Иоганн Кеплердің ілімдерінің ортағасырлық 
схоластикадан арылудағы ролі. Дүниенің гелиоцентристік бейнесінің 
қалыптасуы.
Жаңа Дәуір философиясы 
Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу беделінің 
құлдырауы және ғылымның өркендеуі. Жаратылыстану ізденістерін 
дамытуды көздеген прогрессивті буржуазия табының пайда болуы. Таным 
әдістерін (методтарын) іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм 
және идеализм. Дүниенің жаңа, механикалық бейнесі. Философияда 
«субъект-объект қатынастары» принципінің үстемдік етуі.
Фрэнсис Бэкон – танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін 
қалаушы. «Білім – күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивті әдісі.
Рене Декарттың рационализмі. Дәлелді білімге қол жеткізудегі ойлау 
ережелері. Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және Декарттың 
дуализмі.
Томас Гоббстың әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісімшарт 
теориясы. 


42 
Джон Локк: қоғамның табиғи күйі – еркіндік пен теңдік. Биліктің үш 
тармағы туралы Локктың ілімі – болашақ демократиялық мемлекеттің 
іргетасы. 
Субстанция мәселесін шешудегі Б.Спинозаның пантеизмі. Спинозаның 
этикасы: еркіндік дегеніміз танылған қажеттілік. 
Готфрид Лейбництің монадологиясы.
Джордж Берклидің субъективті идеализмі. Давид Юмнің солипсизмі. 
Ағылшын эмпиризмінің дағдарысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет