«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Қазақ Ағартушылығы философиясы



Pdf көрінісі
бет49/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190
Қазақ Ағартушылығы философиясы. Шоқан Уәлихановтың 
философиялық ойлары.


55 
Қазақ Ағартушылығының қалыптасуы, негізгі ерекшеліктері және
тарихи негізделуі. Шоқан Уәлихановтың философиялық дүниетанымының 
бастаулары. Адам, қоғам, білім, ғылым және прогресс идеялары. Шоқан 
Уәлихановтың этнографиялық ізденістеріндегі философия. 
Ыбырай 
Алтынсариннің 
ағартушылық 
философиясы. 
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары. Өсиет өлеңдеріндегі 
философиялық ой. Адамгершілік туралы әңгімелеріндегі өнегелік мұраттар 
және діни-философиялық көзқарастар. Ойшылдың халық ағарту ісі және 
этнографиялық мәселелер бойынша зерттеулерінің философиялық негіздері. 
Ыбырай Алтынсарин ілімінің антропоцентристік және гуманистік сипаты.
Абай дүниетанымы – қазақ философиясының квинтэссенциясы. 
Абай Құнанбайұлының философиялық ойтолғамының ерекшеліктері. 
Абайдың өнегелік-этикалық концепциясы. Ойшыл дүниетанымындағы 
«Адам бол!» идеясы. Поэтика арнасындағы философиялық иірімдер және 
даналық үлгілері. «Қара сөз» – қазақ адамы болмысын философиялық 
зерделеу тәжірибесі. Қазақтың бас ақыны адам мен Құдайдың, сенім мен 
білімнің арақатынасы, адам өмірінің мәні туралы. Ойшылдың эстетикалық 
көзқарастары. Абай және қазақ халқының рухани дамуы. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы 
– 
Абайдың 
ойшылдық 
дәстүрін 
жалғастырушы. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар-ұждан философиясы, 
әлеуметтік, ағартушылық және жаратылыстанушылық көзқарастары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни философиясы, ғылыми-
жаратылыстанушылық және саяси-әлеуметтік ойлары. Ғұмар Қараштың өмір 
философиясы және дін мен ағартушылықтың арақатынасы хақындағы 
пайымдаулары. 
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. бірінші жартысындағы ұлттық ояну 
философиясы.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, 
Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Жақып Ақпаев, Мұхтар Әуезов және тағы басқа ойшылдардың 
еңбектеріндегі философиялық мәселелер. Ғылым, мәдениет, білім беру және 
болашақ қоғамның теориялық мәселелерін талдау.
Қазақ зиялылары философиясының қазақ халқының ұлттық 
оянуындағы ролі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет