«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


AF 3302 – ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ



Pdf көрінісі
бет87/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190
AF 3302 – ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ 
Көлемі 2 кредит 
Авторлар: 
Петрова В.Ф. – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры; 
Лифанова Т.Ю. – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының доценті; 
Әмірқұлова Ж.А. – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының доценті. 
Пікір жазғандар: 
Алтаев Ж.А. – философия ғылымдарының докторы, профессор; 
Аяжан Сағикызы – философия ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ
философии, политология және дінтану Институтының профессоры. 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Әлеуметтік философия» − философия бакалаврларын дайындау 
үдерісінде міндетті пән. Әлеуметтік философия – адам болмысының 
жүйесіндегі қоғамдық өмірдің рөлі мен орны және оның заңдылықтары
адамның әлеуметтік болмысының аксиологиясы, әлеуметтік танымның 
логикасы және оның методологиялық жүзеге асуы мәселесін қарастыруға 
мүмкіндік беретін әлеуметтік-гуманитарлық сала. 
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
«Әлеуметтік философия» пәнін оқу нәтижесінде студенттер мына 
құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Білу: 
− әлеуметтік философияның негізгі ұғымдары мен принциптерін, 
әлеуметтік-философиялық 
зерттеулердің 
негізгі 
теориялары 
мен 
әдіснамаларын; 
− 
табиғат 
пен 
қоғам, 
адам 
аксиологиясы 
мен 
қоғам 
модернизациясының әлеуметтік-мәдени трансформацияларын зерттеуге 
қатысты дүнитанымдық қырлар мен әдіснамалық ұстындарды;
− әлемдік қауымдастықтың дамуының негізгі үрдістерін;
− әлеуметтік философияның қоғам, мәдениет, социум өмірінің рухани-
этикалық саласындағы орны мен ролін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет