«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


FA3301 – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет79/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

FA3301 – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлар: 
Нұрышева Г.Ж. – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл 
Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі; 
Хасанов М.Ш. – философия ғылымдарының докторы, әл Фараби 
атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры. 
Пікір жазғандар: 
Колчигин С.Ю. – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 
БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану Институтының 
бас ғылыми маманы; 
Петрова В.Ф. – философия ғылымдарының докторы, әл Фараби 
атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті «Философия» 
кафедрасының профессоры. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
«Философиялық антропология» пәні – «Философия» мамандығы 
бойынша бакалаврлар дайындау бағдарламасының міндетті компоненті. Бұл 
курс адам туралы осыған дейін жинақталған білімдерді тұтас жүйеге 
біріктіру арқылы студенттердің бойында адам туралы жаңа білімдер 
қалыптастырады. 
Адамның аса маңызды мәселелеріне назар аудару өнер, философия
ғылым, дін сияқты әртүрлі салаларда жинақталған адам туралы білімдерді 
біріктірумен және жалпылаумен қатар жүреді.Курс осы арқылы мамандық 
бойынша кәсіби білім беру бағдарламасының пәнаралық байланыстарын 
жүйелеуге ықпал етеді. 
Философиялық антропология бұл біріктірудің негізінде өзінің басты 
міндетін – адамды оның мәнінің көпқырлы жақтарының бірлігі арқылы және 
адам туралы білімдерді жүйелеудің интеграциялық қызметін атқара отырып 
зерттеуді жүзеге асырады. Философиялық антропологияның өзекті 
мәселелерін зерттеу қазіргі заманғы қоғам адамының келбетін құрастыруға 
мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда ерекше 
орын алады. 
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
«Философиялық антропология» пәнін оқу нәтижесінде студенттер 
мына құзыреттіліктерге ие болуы тиіс:
Жасай білу 
- адамның өзекті мәселелері туралы білімді сараптау және жүйелеу 
үшін антропологиялық мәтіндермен жұмыс жасауды


90 
- адам болмысы мәдениетінің пайда болуы және дамуы туралы 
сұрақтарды сараптауды; 
- қазіргі заманғы антропологияның өзекті мәселелерін еркін 
талқылауды; 

философиялық-антропологиялық 
білімді 
қоғамдағы 
рухани 
үдерістерді талдау үшін қолдануды; 
Білу: 
- қазіргі заманғы антропологияның пәнін, құрылымын және 
қызметтерін; 
- отандық философиядағы антропологиялық ой дамуының негізгі 
кезеңдерін; 
- XXІ ғасырдағы шетелдік басты антропологиялық бағыттар мен 
мектептерді; 
- қоғамның социомәдени трансформациясы үрдісінде адамның 
онтологиялық болмысын, аксиологиясын зерттеудегі дүниетанымдық 
аспектілері мен әдістемелік ұстанымдарын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет