Дәріс (2 с.) Психикалық даму парамертлері, пихикалық дамудығы әртүрлі теориялар, бағыттар



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі28,35 Kb.
#108725
  1   2   3

3- апта

Дәріс (2 с.)
Психикалық даму парамертлері, пихикалық дамудығы әртүрлі теориялар, бағыттар.
1. Балалар психологиясындағы когнитивті бағыт(Ж.Пиаже).
2. З.Фрейдтің психоанализі.
3. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихы концепциясы.

Практикалық сабақтар (1 с.)
Психикалық даму парамертлері, пихикалық дамудығы әртүрлі теориялар, бағыттар.
1. Балалар психологиямындағы когнитивті бағыт(Ж.Пиаже).
2. З.Фрейдтің психоанализі.
3. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихы концепциясы.

ОБӨЖ (2 с.)
1. Ж.Пиаже мектебіндегі психкалық даму мәселесі.

ХХ-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші бәрнеше ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсалюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.


Бала психикасының дамуына– ХVІІ ғ. философ Дж. Локктың идеясы шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1. Тұқымқуалаушылық.
2. Орта.
3. Тәрбие. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді. Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.
Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.
Ж.Пиаженің когнитивті-генетикалық даму концепциясы (1966)бойынша ой дамуы бірнеше кезеңмен жүреді. Олар:
- Сенсомотролы операция кезеңі- сенсомоторлы интеллект 0 – 2 жас. Сенсомоторлы құрылымдардың қалыптасуы. Заттармен əрекет ету қабілетінің дамуының, инвариативтіліктің пайда болуы. Сыртқы заттық əрекеттегі кері қайтарым. Рефлекстердің жаттығуы (0-1 айлары). Алғашқы дағдылар жəне айналма реакциялар (1-4; 5 айлары). Көру мен ұсату əрекеттерінің реттелуі. Екінші реттегі айналма реакциялар (4;5 – 5-9 айлары).
- Нақты әрекеттер орындау кезеңі- символды қызметтің пайда болуы (тіл, сурет салу іс-əрекеті, ойын) əрекеттер сызбасының интериоризациялана бастауы. Символды ойлау кезеңі (2-4 жас шамасы).
- амалға дейінгі деңгей (2-6\7 жас);
- нақтылы амалдар деңгейі (6\7-11\12 жас).
- Формальды операциялар кезеңі- (11-12 жастан бастап).
Операциялар ұғымы – Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдамасында маңызды ұғым. Интеллект операциялар жүйесінің дамуын білдіреді. Операциялар – өзге əрекеттер арқылы біртұтас жүйеге реттелген əрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі əрекеттер.
Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады. Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.
Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осылайша, жас ерекшелік психологиясының бір саласы ретінде балалар психологиясы ХІХ ғасырдың ортасында дами бастады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында балалар психологиясының дербес ғылым ретінде дамуына Ж.Пиаженің (1896-1980) қосқан үлесі ерекше. Ғалым 3-6 жас аралығындағы балалардың ойлау үрдісін зерттей келе, психиканың кезеңдік даму тұжырымдамасын, 1966 ж интеллектуалды даму тұжырымдамасын дайындап, туғаннан 18 жас аралығына дейінгі баланың ойлау үрдісінің даму жолын көрсетті. Оның психологияда жүргізген тәжірибелік жұмыстары «Пиаже феномендері» деген атаумен қалды.
Ж. Пиаже бойынша бала ойлауы дамуының жіктелуі



Ойлаудың даму кезеңдері

Жас шамасы

1

Аутистік ойлау(Сыртқы əлемге (қиялдар,
арман-мұң) бағытталмаған)

0 – 2-3 жас шамасы

2

Эгоцентрлік ойлау(Эгоцентрлік ойлаудың коэффиценті = баланың эгоцентрлік сөздері /сөздердің жалпы саны)

2-3 – 11-12 жас шамасы

3

Əлеуметтік тұрғыдағы ойлау (Сыртқы əлемді тануға жəне оны өңдеуге бағытталады)

12 жастан кейін





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет